РУС

Сұрақтар мен жауаптар

Страховые случаи

Көлік құралын дереу тоқтатып (орнынан қозғамау), ЖЖҚ 7.2-тармағының талаптарына сәйкес апаттық жарық дабылшамын жағып, апатты тоқтау белгісін (жарқылдаушы қызыл қолшам) беріп, оқыс оқиғаға қатысы бар заттарды қозғауға болмайды.

Дәрігер келгенге дейін зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетудің ықтимал мүмкіндіктерін қабылдап, «жедел медициналық жәрдем» шақырып, төтенше жағдайларда жолшыбай көліктермен зардап шегушілерді жөнелтіп, ал егер мүмкін болмаса, өзінің көлік құралымен ең жақын орналасқан емдеу мекемесіне жеткізу, өзінің тегін, көлік құралының тіркелу таңбасын (тұлғаны куәландыратын құжатты немесе жүргізуші куәлігін және көлік құралының тіркеу құжатын көрсете отырып) хабарлап, сосын оқиға орнына оралу қажет.

Болған жағдай туралы ең жақын орналасқан ішкі істер органына хабарлап, куәлардың тектері мен мекенжайларын жазып алып, ішкі істер органдарының қызметкерлері келгенше күту қажет.

ЖКО орнына сақтандыру компаниясының өкілі — Авариялық комиссарды шақыру қажет.

Сақтандыру жағдайы туындағанда авариялық комиссарды міндетті түрде шақыру қажет. Біздің қызметкеріміз КҚ барлық ақауларын тіркеп қана қоймай, төлем алу үшін бұдан әрі қандай әрекеттер орындау қажеттігі туралы кеңес береді.

Жедел медициналық көмек алу үшін медициналық мекемеге жүгініп, содан соң 
3 (үш) жұмыс күні ішінде сақтандырушыға СЖ туындағаны туралы хабар беріп, төлем алу үшін құжаттар жиынтығын жинауы тиіс.

СЖ туындағанда орындалатын әрекеттер:

  • СЖ себептерін, барысын және салдарын анықтау үшін қажетті барлық шараларды қабылдау.
  • СЖ орнына дереу сақтандыру компаниясының өкілін (авариялық комиссарды) шақыру.
  • 24 сағаттан кешіктірмей болған жайт жөнінде тиісті уәкілетті органдарға жазбаша немесе басқа заңды нысанда хабарлау.
  • 3 жұмыс күнінен кешіктірмей болған жайт жөнінде сақтандырушыға жазбаша нысанда хабарлау.

Сұрағыңызға жауап таба алмадыңыз ба?

+7
Captcha толтырылмаған

Өтініміңізді алдық!

Хабарласқаныңыз үшін рақмет, жақын арада сізбен байланысқа шығамыз.