RU

2258 – тегін

+7 727 258-18-00

Алматы

Компания туралы / ТОП-менеджмент

Альжанов Тлек Кабыкенович
«МСК» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы

Бойында көшбасшылық, энергия мен кәсіпқойлық қасиеттері бірден байқалатын дарынды басшы.

Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясының Нарық институтін «Экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1994 ж.-1996 ж. -  Қазақстан Республикасының Банктер Ассоциациясының Президенті.

1997 ж. «Нефтебанк» ААҚ Басқарма Төрағасы.

1997 ж.- 1999 ж. -  Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау мен реформалар бойынша Агенттігінде жетекшілік қызметтер.

1999 ж.- 2001 ж. - Қазақстан Республикасының энергетика, өнеркәсіп пен сауда Министрлігінің Демпингке қарсы Комитет Төрағасы.

2001 ж. – 2003 ж. - Қазақстан Республикасының сыртқы істер Министрлігінің инвестициялар бойынша Комитетінің Төрағасы.

2007 ж. – 2012 ж. - «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі.

2014 ж. – 2018 ж. – «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ директорлар Кеңесінің Төрағасы.

2019  ж. бері «МСК»  АҚ директорлар Кеңесінің Төрағасы.

Альжанов Жаркын Кабыкенович
«МСК» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі

Сақтандыру саласында мол тәжірибеге ие, бизнестің сәтті дамуына үлес қосатын жобаларды даярлау мен енгізу саясатын дәл анықтайтын кәсіпқой.

Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясының Нарық институтін «Экономист» мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық Бизнес Академиясының магистратура бөлімін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1998 жылдан бері «МСК» АҚ Басқарма Төрағасы.

2019 жылдан бері «МСК» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі.

 

Усатов Евгений Владимирович
Тәуелсіз директор - «МСК» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі

Басқарушылық қызметте мол тәжірибелі, бизнес-процесстерді сәтті ұйымдастыру және оңтайландыруымен ерекшеленетін кәсіпқой.

Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2002 ж. – 2004 ж. «ABN AMRO Банк Қазақстан» АҚ тәуекел-менеджері лауазымында қызмет атқарған.

2004 ж. – 2005 ж. – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қаржы тәуекелдері Департаментінің Директоры.

2008 ж. – 2010 ж. - «Halyk Finance» АҚ Басқарма Төрағасы.

2010 ж. – 2013 ж. - «НБК Банк»  ААҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі (Мәскеу қ.).

«Chocofamily Holding» ЖШС Қадағалаушы Кеңесінің мүшесі.

2019 жылдың қараша айынан бастап «МСК» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі.

Рустанов Асқар
«МСК» АҚ Басқарма Төрағасы

Кәсіпқой андеррайтер, сақтандыру тәуекелдері мен қайта сақтандыру маманы. Дара және корпоративтік өнімдер дайындауда, сату жүйесі мен басқару тәсілдерін құрастыруда іс жүзіндегі тәжірибесі бар. Нақты міндеттер қоятын, шұғыл мәселелерді шапшаң шеше отырып, ең жоғарғы деңгейдегі нәтижелерге қол жеткізетін шебер әрі тәжірибелі жетекші.

2005 ж. Бурса қаласындағы (Түркия) ULUDAG университетінің әкімшілік басқару мен экономика факультетін «Экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

«МСК» АҚ мансабын 2007 ж. бастаған.  2017 ж. бері Атқарушы директор.

2018 жылдың желтоқсан айынан бері Басқарма Төрағасы.

Идрисова Назира Ильясовна
«МСК» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары

Сақтандыру саласында 20 жылдық еңбек өтілі бар кәсіби СЕО.

Сату жүйесі және сенім мен эффективтілікке негізделген сәтті серіктестік қатынастарын құруда тамаша аналитикалық қабілеттерге ие. Жұмыста кәсіби сараптамаға үлкен назар аударады. Ұзақ мерзімді келешекте даму жобаларын жүзеге асыруда мол тәжірибесі бар.

 1992 ж. Анкара қаласында T.C. Ziraat Bankasi Банк мектебінде (Түркия) білім алған.

1997 ж. Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясының Нарық Институтын «Банк ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2006 ж. РФ Үкіметінің Мәскеу қаласындағы Халық Шаруашылығы Академиясын «Қаржы және сақтандыру» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдаған.

Мәскеу қаласындағы М.В. Ломоносов атындағы ММУ Бизнес Жоғары мектебінің (Ресей) MBA Дипломының иегері.

Бірнеше жылдар бойы РФ «Пронто-Медиа Холдинг» ең ірі медиахолдингінің Қазақстандағы өкілдігін бас директор лауазымында табысты басқарған.

«МСК» АҚ  мансабын 2003 ж. бастаған. 

2019 жылдан бері Атқарушы директор. 2020 жылдан бері   «МСК» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары.

Балабеков Ержан 
«МСК» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары

Бизнес-қатынастар құру мен  бірінші дәрежелі тұлғалар деңгейінде келіссөздер жүргізудің кәсіби дағдыларына ие. Сату жүйесін қайта құрылымдау мен эффективті топ құрып, бизнес-процесстерді даярлау мен жүзеге асыруда тәжірибесі мол.

2009 ж. «Тұран» Университетін Open University Business School UK мен ЛИНК Халықаралық Менеджмент Институтымен  (Ресей) серіктестікте General management, Іскерлік әкімшілік Магистрі (МВА) мамандығы бойынша тәмамдаған.

2004 ж. - «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша Әл-Фараби  атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университеті.

«МСК» АҚ еңбек қызметін 2009 жылдан бері атқаруда.

Атқарушы директор, 2019 жылдан бері Басқарма мүшесі.

Шаухымбердиева Гульвира Аманкосовна
«МСК» АҚ Бас бухгалтері

Табысты бухгалтерлік қызметте 1995 жылдан бергі үздіксіз еңбек өтілі.

Компанияның басқару құрылымында бухгалтерия жүйесін дамытудың стратегиялық процесстерін ұйымдастыру мен жүргізуде мол тәжірибесі бар. Біліктілігі мен жауапкершілігімен ерекшеленеді.

Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын «Экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1998 жылдан 2007 жылға дейін «Нефтебанк» АҚ (Алматы қ. филиалы) бас бухгалтері болған. 

2007 ж. -  2008 ж. - «Трансэнергомет-Казахстан» ЖШС бас бухгалтері.

Ертеректе «МСК» АҚ бас бухгалтерінің Орынбасары лауазымында қызмет еткен.

Бас бухгалтер лауазымына 2019 жылдың қазан айында тағайындалған.

Солтанғажы Арман Солтанғажыұлы
«МСК» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары

«МСК» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары

Бабажанов Ерлан Ермекович
«МСК» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары

«МСК» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары

Сихимбаев Ренат Булатович
Атқарушы директор - «МСК» АҚ Басқарма Мүшесі

Атқарушы директор - «МСК» АҚ Басқарма Мүшесі