RU

Сұрақтар мен жауаптар

Экспресс-страхование имущества

● Пәтердің құрастырылымдық элементтері (бұдан әрі "Құрастырылым"), соның ішінде терезе және есік құрастырылымдары (бөлме аралықтарын қоспағанда), жылу, су, канализация, газ жүйелерінің құбырлары;

● Пәтердің өңдемесі, атап айтқанда сылау және сырлау жұмыстарының барлық түрлері, соның ішінде илеу жұмыстары; қабырғаларды, төбені, еденді жабындау, бөлме аралық есік құрастырылымдары, соның ішінде әйнектеу, бөлмеаралық терезе құрастырылымдары; кіріктірілген жиһаз

● Техникалық жабдық: типтік емес жылу (соның ішінде қыздырылатын еден, төбе, қабырғаларды жылыту), бақылау және күзету (соның ішінде камералар, домофондар), ауаны желдету, баптау, сумен жабдықтау (соның ішінде бітеу құрылғылары, раковиналар, ванналар, душ кабиналары, т.б.), канализация (соның ішінде әжетхана бөлмелеріне арналған сантехникалық жабдық), қалдықтарды төгу (қоқыс құбыры), газбен жабдықтау (соның ішінде арматура, газ бағандары, плиталар), электрмен қоректендіру, соның ішінде әлсіз токты (антенна, телефон, сигнал бергіштер, радио және т.б.) жүйелері, өзге де жабдықтар.

Мүлікті келесі тәуекелдерден сақтандыруға болады:
●  Өрт және түтін, газдың жарылуы;
●  Табиғат апаттары (жер сілкінісін қоспағанда);
●  Ұшқыш басқаратын ұшу аппараттарының, ағаштардың немесе бөгде объект денелерінің құлауы; құрлықтағы КҚ немесе өздігінен жүретін машиналардың адамды қағып кетуі, соғылуы, түйісуі;
●  Үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы қылықтары – қарақшылық, бұзақылық,  вандализм;
●  Судан зардап шеккен кездегі азаматтық-құқықтық жауапкершілік.

Мүлікті ЕС шартын жасау үшін қажетті құжаттар:

  • ЖСН көрсетілген жеке куәлік (төлқұжат) немесе заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік;
  • сауалнама-өтініш (компания кеңсесінде толтырылады);
  • сақтандырылған мүлікті қарау және бағалау акті;
  • Сақтанушының жылжымайтын мүлік объектісіне меншік құқығын растайтын құжатының көшірмесі немесе жылжымайтын мүлікті жалға беру шарты.

Мүлікті сақтандыру бағдарламасы бойынша төлемдерді рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:

  • Өтініш;
  • Полис (көшірмесі);
  • Сақтандыру шарты (көшірмесі);
  • Қосымша келісім немесе қосымша;
  • Сақтандыруға өтініш беру;
  • Мүлікке құқық белгілейтін құжаттар.

Өрт жағдайында:

  • Өрт туралы акт (мөрмен куәландырылған);
  • Өрт-техникалық сараптама;

Су басқан жағдайда:

  • ПИК акті;
  • Сақтандыру жағдайының туындағанын растайтын құжаттардың уәкілеті органдар куәландырған көшірмелері;
  • Тауардың болуын, құнын растайтын құжаттар (инвойс, шот-фактура);
  • Авариялық комиссардың қарап шығу акті;
  • Зиянды бағалау туралы есеп.
     

Мүлікті сақтандыру бағдарламасы бойынша төлем жасау ісін қарау мерзімдері шарт тармақтарына сәйкес анықталады. Әдетте қарау мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.

Сұрағыңызға жауап таба алмадыңыз ба?

+7
Captcha толтырылмаған

Өтініміңізді алдық!

Хабарласқаныңыз үшін рақмет, жақын арада сізбен байланысқа шығамыз.