RU

Сұрақтар мен жауаптар

КҚИ АҚЖ МС

Онлайн сақтандыру жайлы жаңа заң – жаһандық деңгейдегі заң. Заңның негізгі идеясы – қағаз формасындағы сақтандыру полистерін толықтай жою мен оларды электронды форматпен алмастыру. Енді ешқандай қағаздар жоқ  міндетті сақтандыру түрлерінің сақтандыру полистері тек электронды формада берілетін болады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, клиент кез келген жерден және ғаламтор желісіне байланыса отырып, өз автокөлігіне сақтандыру полисін ала алады. Жеке тұлға полисті банк картасымен төлей алады, ал карта болмаған жағдайда төлем шотын жасауына болады.

Сақтандырудың электронды форматы сандар мен әріптер жиынтығынан тұрады. Ол word-құжаты немесе pdf-файл емес, ДБСБ-да (Деректердің бірыңғай сақтандыру базасы) сақталатын символдар жиынтығы.

ҚР сақтандыру заңнамасына сәйкес әрбір КҚ иесі өзінің үшінші тұлға алдындағы жауапкершілігін сақтандыруы тиіс. Яғни егер ЖКО орын алып, үшінші тұлғаларға залал келген болса, онда ЖКО кінәлі тұлғаның сақтандыру компаниясы зардап шеккендерге зиянның өтемін төлейді.

Бәрі өте оңай. Клиент біздің сайтқа кіреді, «Калькуляторлар» бөліміне өтеді және Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыруды таңдайды. Содан соң жеке деректерін енгізеді, Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру ережелерімен танысады, смс-хат көмегімен мобильді нөмірді растайды және сақтандыру сыйлықақысын банк картасымен төлейді. Шартты ресімдеу аяқталған соң, клиент шартқа берілген, бірегей нөмірмен смс-хат алады.

Полисті онлайн сатып алудың кадамдық бейнесабағын сілтеме бойынша көруге болады.

Бірнеше тәсіл бар.

1. Сақтандыру бар/жоғын барлық жасасқан белсенді және жабық сақтандыру шарттары көрінетін біздің сайттағы жеке кабинетте немесе мобильді қосымшадан білуге болады. Сәйкесінше, белсенді сақтандыру шарттарында белсенді сақтандыру болады.
2. Мемлекеттік несие бюросының сайтына кіріп, өз ЖСН, сақтандыру шартының бірегей нөмірі мен автокөліктің мемлекеттік нөмірі бойынша ағымдағы сақтандыру полисін тексеруге болады. и проверить наличие текущего страхового полиса по собственному ИИН, уникальному номеру страхового договора и гос.номеру автомобиля. 
3. Егер сақтандыру тарихымен толықтай танысқыңыз келсе, МНБ сайтының басқа бөліміне ЭЦҚ арқылы кіруге болады.

Полис құнын есептеу үшін келесі деректер қажет:

1. ЖСН, оның көмегімен Сіздің бонус-малусыңыздың класын анықтаймыз;
2. Көлігіңіздің тіркелген орны және типі;
3. Сіздің жасыңыз және көлік жүргізу өтіліңіз, қандай жеңілдіктеріңіз бар?

Қосымша түрде, НСК калькуляторы парақшасының сілтемесі бойынша өтіп, Полисіңіздің құнын өз бетіңізбен есептей аласыз.

Бонус-малус — (латын тілінен аударғанда «жақсы-жаман») сақтандыруда қолданылатын, сақтандыру жағдайларының тарихына қарай клиенттің сақтандырушыға төлейтін сақтандыру сыйақысын өзгерте алатын жеңілдіктер жүйесі. Бонус-малус класы авариясыз қозғалыс кезінде өсіп, клиент кінәсінен ЖКО орын алған жағдайда төмендеп отырады. Осылайша КҚИ АҚЖ МС құны бонус-малусқа қарай төмендеп немесе өсіп отырады. 

КҚИ АҚЖ МС рәсімдеу үшін қажетті құжаттар: жеке куәлік/ төлқұжат (барлық сақтандырушыларда), жүргізуші куәлігі (барлық сақтандырылушыларда), КҚ  техпаспорты.

Егер сақтандыру полисіне бір ғана КҚ енгізілген болса, онда бұл сақтандыру полисіне бірнеше адамды қосып жазуға болады. Сондай-ақ егер сақтандырылушы бір ғана адам болатын болса, онда полиске бірнеше КҚ қосып жазуға болады.

Шартты бұзу және жаңа полис жасау кезінде полисті қайта рәсімдеуге болады. Бұл рәсім Негізгі сақтанушының қатысуымен ғана өткізіледі. КҚИ АҚЖ МС шартын қайта рәсімдеу/ бұзу үшін Сізге ескі полисті рәсімдеген компания кеңсесіне келіңіз немесе Сізге ең жақын орналасқан НСК кеңсесіне жүгініңіз  http://nsk.kz/kk/contacts/. Өзіңізбен бірге келесі құжаттарды ала келіңіз: жеке куәлік (төлқұжат), жүргізуші куәлігі, тех. паспорт, полис. 

Сұрағыңызға жауап таба алмадыңыз ба?

+7
Captcha толтырылмаған

Өтініміңізді алдық!

Хабарласқаныңыз үшін рақмет, жақын арада сізбен байланысқа шығамыз.