РУС

Компания туралы

«НСК» сақтандыру компаниясы 1996 жылы құрылған. Құрылтайшылар мықты, қажырлы компания құруды жоспарлаған болатын.

«НСК» АҚ көптеген жылдар бойы сындарлы стратегиясының, биік стандарттары мен құзыретті менеджерлердің арқасында сақтандырудың басты бағыттары бойынша алдыңғы орында келеді. Бұны «НСК»-мен жыл сайын ынтымақтасатын әріптестеріміз ғана емес, сонымен қатар компанияның деңгейін жоғары бағалайтын тәуелсіз сарапшылар да жақсы біледі.

Біз клиенттерімізді олардың талап-тілектеріне толықтай сай келетін сенімді және сапалы сақтандыру кепілдігімен қамтамасыз етеміз. «НСК» АҚ-на сенім артқан адамдардың арқасында компания қарқынды өсіп келеді. Біз өзіміздің серіктестерімізбен бірге дамудамыз. 

 
  

2018 жылдың сәуір айында НСК нарықтағы табысты жұмысына 22 жыл толды.

Біз қол жеткізген жетістіктерімізбен мақтанамыз, жұмысымыз өз жемісін берді деп нық айта аламыз.

2018 жылы компания қарқынды дамуға көшіп, бизнес пен пайда көлемі көрсеткіштері едәуір артты.

Бұл қабылданған даму стратегиясын іске асырудың, жүріп жатқан ұйымдастырушылық, инфрақұрылымдық және  операциялық өзгерістердің, ішкі құрылымды жетілдіру жұмысының және өткен жылдары атқарылған бизнес-процестердің оң нәтижесі.

Қол жеткен табыстарға тоқталсақ, сақтандыру сыйақыларының өсімі 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда 20% құрады, жеке тұлғалармен 570 000 астам шарт, корпоративтік клинеттермен 98 000 астам шарт жасалды.

Қазақстанның 4 филиалында сатушы персоналды қосымша оқытатын НСК мектептері ашылды. Standard&Poors дүниежүзілік рейтинг агенттігі оның «B+» деңгейіндегі рейтингін растады.

Біздің командамыздың кәсіби шеберлігі «НСК» АҚ клиенттеріне өздерінің сүйікті істерімен алаңсыз айналысуы үшін тыныш өмір сыйлайды; алға ұмтылдырады, жаңа мақсаттарға жетелейді, саяхаттап, ең батыл шешімдер қабылдауына дем береді.

Қорыта келе айтарымыз, «НСК» АҚ ауқымды жұмыс тәжірибесіне, білікті мамандардың күнделікті екпінді еңбегіне, қаржылық тұрақтылыққа және озық технологияларға сүйене отырып, болашаққа сеніммен көз тастайды.

Сізді Клиенттер қатарынан көру біз үшін үлкен қуаныштымыз!