RU

Сұрақтар мен жауаптар

Страхование лиц выезжающих за рубеж

I, II топ мүгедектігі бар адамдар үшін бұл сақтандыру түрі рәсімделмейді.

Шетелге шығу кезіндегі сақтандыру жағдайлары келесідей:

  • сақтандырылған адамның сақтандыру әрекеті кезеңінде кенеттен ауырып қалуы;
  • жазатайым оқиға нәтижесінде алынған дене жарақаттары (денсаулыққа келтірілген нұқсан);
  • тістің және/немесе оның айналасындағы ұлпалардың өткір қабынуы нәтижесіндегі тістің қатты ауыруы, немесе жазатайым оқиға нәтижесіндегі жақ сүйегінің жарақаты;
  • сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда оның мүрдесін еліне жеткізу шығындары
  • Созылмалы аурулар, онкология; 
  • Жүктілікке (соның ішінде асқынуларға) және жүктіліктің үзілуіне қатысты шығындар (жүктілігі 12 аптадан аспайтын мерзімдегі Сақтандырылушының өміріне тікелей қауіп төндіретін жазатайым оқиғаларды қоспағанда);
  • Босану және босануға көмек беруге қатысты шығындар;
  • Күнге күю;
  • Күнге күюге байланысты туындаған аллергиялар мен дерматит;
  • Қант диабеті (I және II типті);
  • Қанды бүйректен тыс тазартуды талап ететін созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.

Шетелге шығушыларды сақтандыру шартын жасарда бастапқы медициналық тексерістен өту қажет емес.

«CLASSIC» — бұл шетелге шығушыларды сақтандырудың франшиза қарастырылмаған дәстүрлі бағдарламасы. Сақтандыру сомасының шегінде сақтандыру жағдайларының шығындарын өтейді.

«STANDART» —50 ЕВРО мөлшерінде франшиза қарастырылған бағдарлама. Франшиза — бұл клиенттің сақтандыру жағдайына қатысты шығындарды өз бетімен өтей алатын сомасы. Франшизаны шегергендегі (50 ЕВРО) сақтандыру сомасының шегіндегі сақтандыру жағдайларының шығындарын жабады.

«Бірінші сақтандыру жағдайына дейін» - шетелге қысқа мерзімге шығатын клиенттерге есептелген шетелге шығушыларды сақтандырудың ең бюджеттік бағдарламасы. Сақтандыру әр сақтандырылған адам үшін бір рет —бірінші сақтандыру жағдайына дейін әрекет етеді.

Шетелге шығушыларды сақтандыру аумағына әлемнің кез-келген елі енеді. Келесі аумақтар ғана енбейді:

  • аумағында әскери іс-қимылдар жүріп жатқан мемлекеттер;
  • БҰҰ санкциялары қолданылған мемлекеттер;
  • індет ошақтары анықталып, індет ошағы деп танылған аумақтар;
  • аумағында адамдардың денсаулығына нұқсан келу қаупінің ықтималдығы жоғары мемлекеттер.

Шетелге шығушыларды сақтандырудың бір полисіне 3 елге дейін және 6 сақтандырылған адамды қосып рәсімдеуге болады.

НСК компаниясымен екі ассистанс-компания жұмыс жасайды: Акдениз Аларм (Түркия)
Балт -Ассистанс (Ресей). Дәл осы компаниялар НСК клиенттерінің әлемнің барлық елдерінде медициналық қамтылуын қамтамасыз етеді.

НСК компаниясы өз клиенттеріне шетелге шығушыларды сақтандыру полисін «онлайн» -мейлінше тез, ыңғайлы және арзан бағамен сатып алудың бірегей мүмкіндігін ұсынады. Шетелге шығушыларды сақтандыру полисін рәсімдеу үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Полистің электронды нұсқасы қағаз нұсқасымен теңдес.  Сіз өзіңізбен бірге сапарға шетелге шығушылардың сақтандырудың электронды полисін де, оның қағаз нұсқасын да алып шыға аласыз. Осыған қоса сапарға өзіңізбен бірге "Сақтандырылушыға арналған жадынаманы" алып шығуға кеңес береміз. Ол шетелге шығушы әр клиентке полис сатып алғанда беріледі.

Әртүрлі елдердің елшіліктерінде/ консулдықтарында виза рәсімдеуде туристерге әртүрлі талаптар қойылады. НСК өз клиенттеріне елшіліктерге шетелге шығушылардың сақтандырудың бірегей бланктерінде басып шығарылған полистерді ұсынуға кеңес береді.

Егер сіз шетелге шығушыны сақтандыру полисін «онлайн» сатып алған болсаңыз, қолыңызда сақтандыру полисінің электронды нұсқасы ғана болса, полистің ресми бланктегі телнұсқасын алу үшін НСК ең жақын орналасқан кеңсесіне жүгінуге кеңес береміз.

Полистің телнұсқасы тек бір данада беріледі. Егер әр сақтандырылған адам үшін бөлек полис қажет болатын болса, әр адамға бір-бірден бірнеше полисті рәсімдеуді ұсынамыз.

Иә, егер COVID-19 қосымша тәуекелі сақтандыру шартына енгізілген болса.

Сақтанушы COVID-19-пен ауырған кезде шұғыл ауруханаға жатқызу шығындары сақтандыру шартында белгіленген шегінде төленеді.

COVID-19 қосымша тәуекелі үшін сақтандыру төлемі, сақтандыру шартына сәйкес таңдау бойынша 1000 € немесе 3000 €.

Сұрағыңызға жауап таба алмадыңыз ба?

+7
Captcha толтырылмаған

Өтініміңізді алдық!

Хабарласқаныңыз үшін рақмет, жақын арада сізбен байланысқа шығамыз.