РУС

НСК #TeaDrinkingTour2018 қолдау көрсетті

НСК сақтандыру компаниясы #TeaDrinkingTour2018 Денис Стародубцевке қолдау көрсетті. 
НСК сақтандыруының арқасында жігіттер жолда ешқандай қауіптен қорықпай, жорықты жайбарақат жалғастырды. 

Денис Үндістанға жасалған үлкен сапар кезінде сенімді сақтандырудың ауадай қажет екенін айтты. 
Бәрі жақсы аяқталды -үйге келдік, қуанышымызда шек жоқ! 
#TeaDrinkingTour2018 ресми түрде аяқталды! Қолымызда сақтандыру сертификаттары бар және саяхат туралы бірер сөз айтудың реті келді. 
Шынын айтқанда, көпшілігіміздің сапарға шығарда осы бір көңіл бөлуге тұрарлық нәрсеге мән бермейтініміз рас. Әрине, саяхаттың сәтті өткені жақсы, алайда жол үстінде түрлі жағдайлар болуы мүмкін, сондықтан өзіңді жазатайым оқиғалардан сақтандыру әр адамның міндеті деп түсіну қажет! Әсіресе «жеңіл-желпі» турист болмасаңыз, техниканы пайдалануды жоспарлап, алысқа көз тіксеңіз, сақтандыруды ойластырыңыз. 
Сақтандыруды таңдаған кезде біз қазақстандық компанияларға шағын мониторинг жүргіздік, сонда НСК сақтандыру компаниясының қызмет көрсетуі шапшаң (Нико Коскосиди, рақмет саған, сен жақсы адамсың!) және біздің үлкен командамыз үшін бағасы тиімді екенін байқадық. Оның үстіне олар бізге Непалдың таулы аймағынан құтқарып әкетуге әзір екендеріне кепілдік берді (қажет болған жағдайда, әрине). 
Ал қолданушылар үшін ең бастысы  —сақтандыруды сатып алу мен рәсімдеудің қолайлылығы. Сайттан қызметті таңдап, сіз құжаттарыңызды жүктеп қана қоймай, полисті төлеп, дереу поштаңыз арқылы ала аласыз. Небары 5 минуттың ішінде. Өзіңіз де байқап көріңіз, өте ыңғайлы екеніне көзіңіз жетеді. 
Бәріңізге қауіпсіз сапарлар мен сақтандыру жағдайларының мүлдем болмауын тілеймін!