RU

Сall орталығы ұжымы кез-келген жағдайда клиенттерге көмек көрсетеді

НСК сақтандыру компаниясы 1996 жылы құрылып, 22 жылдан бері қызметін ойдағыдай атқарып келеді. Біздің call орталық - компаниядан кейін сәл кешірек құрылды. Бизнестің аяққа тұрған алғашқы күндерінен бастап B2C сақтандыру бөлігінде біз шет елдердегіге ұқсас сервистерді құруды ойластырғанбыз. Біз клиенттің ақпаратты немесе қызметті мейлінше қолайлы немесе тез алуын маңызды санадық, сондықтан сall орталық бөлімі құрылып, ол 22 жыл қатарынан құлашын кең жайып, компания қызметінің барлық бағыттарына атсалысып келеді.

Сall орталығының ұжымы қазіргі таңда табыстан табыстарға жетіп, клиенттерге кез-келген жағдайда 24/7 режимінде көмек көрсетуде. 2258 қысқа нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы кез-келген қазақстандық сақтандыру полисіне оңай және қолайлы қол жеткізеді, бұрынғы клиенттер қолдарындағы полистері бойынша кез-келген ақпарат алады, ал жаңа клиенттер полистің құнын есептеп, сатып алады немесе компанияның өзіне ең жақын орналасқан өкілдігінің орнын біле алады. Ал сақтандыру жағдайы туындағанда, call орталық қызметкерлері сіздің өтінішіңізді тіркеп, сізге дереу авариялық комиссарды жолдайды. Оның үстіне сізге шет елге шығар алдында хабарласып, сақтандыру шарттарын еске салып, ақ жол тілейді.

Сақтандыру әлеміндегі сіздің жеке қамқоршыңыз - 2258