RU

2258 – тегін

+7 727 258-18-00

Алматы

Компания туралы / Акционерлердің жалпы жылдық жиналысындағы дауыс беру қорытындысының хаттамасы

«Мұнай сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі  —Қоғам) акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысында дауыс беру қорытындысының хаттамасы.

Акционерлік қоғамның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Бараев көш., 15;
Акционерлердің жалпы жиналысының өтетін күні, уақыты және орны: 23 мамыр 2016 жыл; 11 сағат; 
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қабанбай батыр көш., 186. 
Деректемелері: салық төлеушіні тіркеу нөмірі 031400099981, "Казкоммерцбанк" акционерлік қоғамындағы жеке сәйкестендіру нөмірі KZ44926180219F242000,
банк сәйкестендіру нөмірі 960440000716:
 

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер Шешімдер Дауыс беру қорытындысы
Қоғамның 2015 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы. Қоғамның 2015 жылғы жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін. «Жақтағандар» - 1 497 805,
«Қарсы болғандар» — жоқ, «Қалыс қалғандар» — жоқ.
Қоғамның 2015 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін және Қоғамның бір жай акциясына есептелген дивиденд мөлшерін бекіту туралы. Қоғамның 2015 жылғы қызметі кезеңінде түзілген 2015 жылдың 31 желтоқсанына алғанда 1 200 000 000 (бір миллиард екі жүз миллион) теңге мөлшеріндегі таза кірісі осы Хаттаманың №1 қосымшасына сәйкес тәртіппен бөлінсін. Дивиденд төлеу нысаны «ақшалай» деп анықталсын. Дивиденд мөлшері 1 (бір) жай акцияға есептегенде 800 (сегіз жүз) теңге болып бекітілсін. Дивиденд төлеу жай акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 90 күннен кешіктірмей жүзеге асырылсын. «Жақтағандар» - 1 497 805,
«Қарсы болғандар» — жоқ, «Қалыс қалғандар» — жоқ.
Акционерлердің Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты шағымдарын қарау және оларды қарау нәтижелері туралы Акционерлердің Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты шағымдары жоқ екені туралы ақпарат қаперге алынсын. «Жақтағандар» - 1 497 805,
«Қарсы болғандар» — жоқ, «Қалыс қалғандар» — жоқ.
Қоғамның Директорлар кеңесінің Төрағасына сыйақы төлеу мөлшерін бекіту және Қоғам акционерлеріне Директорлар кеңесі және атқарушы орган мүшелеріне сыйақы төлеу мөлшері мен құрамы жөнінде ақпарат беру туралы.     Қоғамның Директорлар кеңесінің Төрағасына 2015 жыл қорытындысы бойынша сыйақы төлеу мөлшері мен шарттары Қоғамның Директорлар кеңесі ұсынған шарттармен (2016 жылғы 18 наурыздағы № 02-01/32 хаттаманың 2016 жылғы 22 сәуірдегі №1 толықтыруы) бекітілсін және Қоғам акционерлеріне Директорлар кеңесі және атқарушы орган мүшелеріне сыйақы төлеу мөлшері мен құрамы жөніндегі ақпарат осы Хаттаманың №2 қосымшасына сәйкес тәртіппен қаперге алынсын.     «Жақтағандар» - 1 497 805,
«Қарсы болғандар» — жоқ, «Қалыс қалғандар» — жоқ.