РУС

Мұз жұлдыздары «НСК» қамқорлығына алынды

Қазақстан аумағындағы бұл жеке-дара мұздағы шоу қатысушылары мен ұйымдастырушылары студенттер болып табылады. 10 жұп кәнігі жаттықтырушылардың жетекшілігімен үш ай бойы ұмытылмастай шоу өткізіп, мұз алаңындағы қиын да әсерлі тайталасқа түседі. Қатысушылардың таңдауы бойынша мұзда сырғанау театрлық немесе музыкалық қойылымнан тұрады, ондағы мәнерлеп сырғанау элементтері арқылы осы көріністің сюжеті мен суретін бейнелеуге тырысады.

«НСК» спорттық шоу қатысушыларын жарақаттар мен соққылардан
2 млн. теңгеге сақтандырды.

Биші жұптардың сайыстары Алматы қаласында осымен екінші рет сәуірдің басында өтетін болады. Ұйымдастырушысы -Алматы KIMEP Association ofSport Development (KASD) белсенді студент жастарының ұйымы.

Өткен жылғы тәжірибені ескеретін болсақ,  «Stars On Ice 2014» қаланың жастары үшін ең қызықты және тартысты оқиғаларының бірі болайын деп тұр. Айталық, КИМЭП Университетінің аясында ғана өткеніне қарамастан 2013 жылы шоуды 400 адам тамашалаған. Бұл жылы жобаға елдегі басқа жоғары оқу орындарының, соның ішінде Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, ҚБТУ, С.Демирель атындағы Халықаралық Бизнес Академиясы және Университетінің студенттері қатысты.

Жас сырғанаушылардың даярлығы мен жаттығуларын әлеуметтік желідегі http://vk.com/kimepsport парақшасынан қадағалап отыруға болады.