RU

Шетелде спортпен айналысушыларға арналған сақтандыру.

Шетелге сапарға шығушыларға арналған стандартты медициналық сақтандыру полисі сырқаттану мен сақтандырылушының экстремал іс-әрекеттерімен байланысты емес жарақаттар бойынша шығындарды жабатынын ғана білген жөн. Мысалы, таң шаңғысымен зуылдау немесе хоккей ойнау кезіндегі жарақаттану сақтандыру жағдайына жатпайды. Мұндай тәуекелдерге қатысты шығындарды жабу үшін сапар түрін "спорт" санатына өзгерту түріндегі қосымша опцияларды сатып алу керек. Егер сіз кәсіпқой немесе әуесқой спортпен айналысатын болсаңыз, сақтандыру сатып алу кезінде осыны ескеріңіз. Кәсіпқой спортпен айналысу мақсатында шетелге шығуға арналған сақтандыру полисі қымбат тұрады. Бұл сақтандыру компаниясының үдемелі тәуекелдеріне байланысты, алайда ол сізді «көлденеңнен» сақтандырып, сүйікті ісіңізбен алаңсыз айналысуыңызға мүмкіндік береді.

Тау шаңғысымен ешқандай арнайы сақтандырусыз ылдилап зуылдауға туристердің тек аз ғана тобының жүрегі дауалауы мүмкін. Олар тау шаңғысының шеберлері емес, бірнеше жылдар қатарынан тәжірибе жинаған, жетік меңгерген мамандар керек-жарақты жиынтықтаудан гөрі сақтандыруды рәсімдеуге байыпты қарайды: өйткені олар қар басқан тау бөктерлерінде кез-келген адам кез-келген қиын жағдайға тап болуы мүмкін екендігін жақсы біледі. Ал тау шаңғысы трассасына "спорт" опциясынсыз, сақтандырусыз шығатындар -ешкімнен мардымды кеңес алмаған, тау шаңғысын қолына бірінші алып тұрған «жүрек жұтқандар». Біздің сіздер үшін тамаша жаңалығымыз бар – осы мақаламен танысқаннан кейін сіз сақтандыру туралы ойланатын боласыз.

2258 қысқа нөміріне тәулік бойы тегін қоңырау шалу немесе сақтандыру полисін онлайн түрде біздің  nsk.kz/kk/tourist/ сайтымыздан рәсімдеу арқылы НСК сақтандыру компаниясының «спорт» опциялы шетелге шығуға арналған сақтандыру полисін ең тартымды бағамен алуыңызға болады.