РУС

НСК әрқашан салауатты өмір салтын насихаттауға әзір.

НСК әрқашан салауатты өмір салтын насихаттауға әзір.

"НСК" сақтандыру компаниясы" АҚ салауатты өмір салтын қуана қолдайды. Біздің серіктесіміз "Н2О" жүзу клубы НСК-да сақтандырылған, сондықтан оның кезекті спорттық шарасына мойын бұрмай кетпедік.

2017 жылдың 11 ақпанында "H2O" жүзу клубында КСРО Спорт шебері Иван Чернышовты еске алуға арналған «Swimming club H2O» жүзуден ашық біріншілігіне НСК демеушілік көрсетті. Сайыстың бағдарламасына Алматы жүзу клубтары мен спорт мектептерінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ жүзу спортының ардагерлері қатысып, өз шеберліктерін ортаға салды.

«НСК» 2005 жылы туған Михаил Цойға «Жеңіске деген жігері үшін» грамотасын табыс етті. Михаил перспективасы жоғары, нәтижелері нық жас спортшылардың бірі, ол қазірдің өзінде әлемдік сайыстарда біздің елімізді танытып жүр.

Спортпен шұғылданыңыз, ал біз Сізді міндетті түрде сақтандырамыз!