РУС

Бүгін "НСК" сақтандыру компаниясына 18 жыл!

Бүгін "НСК" сақтандыру компаниясына 18 жыл! Осы жылдар ішінде НСК шағын өңірлік сақтандырушыдан Қазақстанның сақтандыру нарығының ең ірі қатысушысына айналды! НСК жарты миллион қазақстандыққа және елдегі он сегіз мың кәсіпорынға сенімді қорғау ұсынады! Сонымен бірге бұл үлкен жауапкершілік. Бұл дамудың, сапаны жақсартудың діңгегі, Қазақстанда ең үздік сақтандыру компаниясы атану үшін сарқылмас шабыт.

Осы жылдар бойы компания өз басымдықтарына клиенттердің мүдделерін қойды: тиімді сақтандыру шарттары және сақтандыру жағдайы кезіндегі жедел төлемдер. Қандай жағдайға тап болса да, НСК сақтанушылары әрқашан көмек алатындығына сенеді!

Біздің таңдағаныңыз үшін рақмет! Барлық клиенттерімізді НСК туған күнімен құттықтаймыз!