РУС

«Эксперт РА Казахстан» «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ-ның сенімділік рейтингін A+ деңгейінде растады.

«Эксперт РА Казахстан» «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ-ның сенімділік рейтингін A+ деңгейінде растады.

Компания рейтингіне нарықтағы орнының биіктен орнығуы, барлық ірі тәуекелдерді қайта сақтандыруы, жоғары сенімділігі мен қайта сақтандыру қорғанышының  әртараптандырылуы (01.04.2014ж. алғанда Херфиндаль-Хиршман индексі — 0,09), оң ықпалын тигізген. Өзге позитивті факторларға агенттік талдаушылары сақтандыру портфелінің лайықты әртараптандырылуын (2013 жыл қорытындысы бойынша сыйақылардағы сақтандырудың негізгі түрі бойынша — 26,4%), инвестициялар сенімділігінің жоғары деңгейін және салымдар объектілері бойынша инвестициялық портфельдің мейлінше әртараптандырылуын жатқызады.

«Компанияның 2013 жылдың қорытындысы бойынша зияндылығының көрсеткіштерінің төмен екені байқалды. Зияндылық коэффициенті-нетто 37,92%, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша зияндылық көрсеткіштері — 32,36%, жұмыскерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша — 31,93%, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша — 3,92% құрады", —деп түсіндірді  «Эксперт РА Казахстан» рейтингтер бөлімінің басшысы Жанадиар Раисова.
Рейтинг деңгейін шектейтін факторлар ретінде ең үлкен сақтандыру төлемінің-нетто мардымды мөлшері, меншікті қаражаттардың жеткіліктілігінің төмен деңгейі (01.01.2014ж. алғанда 39,8%) және рентабельділіктің бірқалыпты төмен көрсеткіштері (2013 жылдың қорытындысы бойынша

ROA — 2,0%, ROE — 5,64%). Сонымен қатар рейтинг бағасын меншікті қаражаттардың бірқалыпты динамикасы, инвестицияланған капиталдың бірқалыпты рентабельділігі және сақтандыру өнімдерін тарату каналдарының нашар әртараптандырылуы да шектейді.

«Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ —республикалық деңгейдегі әмбебап сақтандырушы.
2013 жыл қорытындысы бойынша, ҚР ҰБ ҚҚК деректеріне сәйкес, компания жиналған жиынтық сақтандыру сыйақысының көлемі жөнінен барлық қазақстандық сақтандыру компанияларының арасында 9-шы орынға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөнінен 3-ші орынға, жұмыскерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша 4-ші орынға, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша 2-ші орынға орналасқан.

01.04.2014 ж. алғанда компания активтері 12,99 млрд. теңгені, меншікті капиталы — 3,88 млрд. теңгені, жарғылық капиталы -1,5 млрд.теңгені құрады. Компанияның сақтандыру жарналары 2013 жылдың қорытындысы бойынша 11,46 млрд.теңгені құрады.