РУС

НСК #МЕНІҢҚАЗАҚСТАНЫМ жобасының басты ұйымдастырушысы

НСК Республика көлемінде өтетін қызықты бұқаралық жобалардың бастамашысы болуға әрдайым әзір. Бұл жолы компания  #МЕНІҢҚАЗАҚСТАНЫМ экспедициясының ұйымдастырушысы міндетін атқарды.

4 шілдеде энтузиазмға толы саяхатшылар командасы фотосуретшілермен, бейне-мэйкерлермен және блогерлермен бірге Орталық Қазақстанның 15 қаласын бетке алып джип-турға аттанды. Барлығы автожорыққа Toyota FJ Cruiser маркалы 8 автокөлік пен 20 адамнан құралған экипаж қатысты.

Саяхат экспедиция мүшелерінің Алматы қаласындағы Республика алаңындағы салтанатты жиынынан басталды. Бұл жобаның басталған күні тағы бір тамаша оқиғамен тұспа-тұс келді — Қазақстандағы FJ Cruisers әуесқойлары клубының ашылғанына екі жыл толды.

Экспедиция барысында команда 5290 шақырым жол жүріп тастады. Жігіттер қонақүйлерде және палаткаларда түнеп, жолдың жанындағы жыраға түскен көліктерді шығарып, навигаторға сеніп тұйықтарға тіреліп, түнімен масаларға және ыстық аптапқа төзіп, қандай форс-мажорларға тап болмасын, алған беттерінен қайтпады. Олардың жолы Оңтүстік астананы қоспағанда, 15 қала мен ауылдың үстінен өтті, олар - Балқаш, Қарағанды, Астана, Шортанды, Зеренді, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Рудный, Ақтөбе, Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан, Шымкент және Тараз.

Экспедиция Қазақстанның табиғаты әсем, шырайлы жерлерін аралап, тарихи және мәдени ескерткіштерді тамашалады. Олардың ішінде — су түрлі химиялық құрамымен ерекшеленетін Балқаш, ландшафты шырғалаң Бектау-ата шатқалы, рапс танаптарымен және көгілдір көркем көлімен алыстан көзге түсетін Зеренді, көлдері айнадай, таулары тарақтай Шортанды-Бурабай курорттық аймағы, Қазақстанның ең көне қалаларының бірі Түркістан, Қызылорда облысындағы Қорқыт-ата мемориалдық кешені.

Ал астанамызда жігіттер ең алдымен EXPO2017 көрмесіне бас сұқты. Көрменің павильондарын аралап, оның ұйымдастырылу сапасын жоғары бағалап, бәріне әйгілі "Өлім жұлдызымен" фотоға түсті. "Интернет желісінің мыңдаған қолданушылары EXPO2017 өту барысын #меніңқазақстаным жобасына қатысушылардың аккаунттары арқылы қадағалап отырды. Ал жігіттер де аянып қалмады, фото да, бейнекөріністер де жеткілікті болды! Өте қызықты шара болды! Астанада команданы қолдау үшін белгілі қазақстандық блогер Махаббат Есен келді. Ол әлеуметтік желілерде кездесуден алған әсерлерімен бөлісті.

Әр қалада экспедиция қатысушылары қала тұрғындарымен онлайн сауалнама жүргізіп, компания атынан фирмалық кәдесыйлар таратып отырды. Мұндай промо-акциялар адамдардың қызығушылығын тудырғаны соншалық, олар шараға көптеп қатыса бастады және акция жүріп жатқан жерде сақтандыру полистерін рәсімдеуден де тартынбады. Жобаның барлық қатысушылары промо-акциялар өткізуге қолғабыс берген филиалдардағы әріптестерімізге бір кісідей жұмылғаны үшін алғыстарын білдірді. Экспедиция мүшелері әр қаладағы НСК өкілдерінің жайдары қарсы алғандарын да атап өтті. Нәтижесінде жобаның қатысушылары 500-ден астам қазақстандықтарға біздің компания туралы әңгімелеп, сақтандыру мәселелерін түсіндіріп берді.

Сонымен «Менің Қазақстаным» жобасы әлеуметтік желілердің жіті назарынан тыс қалмады. Күн өткен сайын саяхаттар республикалық пабликтер мен қазақстандық БАҚ-да танымалдыққа ие бола бастады.

Жоба 18-ші шілдеде өз мәресіне жетті. Команда осы тамаша жорықтың бастауы болған Алматыға аман-есен жетті: идеядан мәреге дейінгі сәтті сапардың нүктесі қойылды. Қорытындылай келе айтарымыз,  #меніңқазақстаным жобасының аясында НСК Қазақстан тұрғындарын біздің компанияның танымал стилімен көмкерілген әсерлі фотосуреттермен,  фирмалық кәдесыйлармен, қызықты әңгімелермен және FJ Cruisers легінің лепті көріністерімен бір қуантып тастады!