РУС

НСК Picnic Esquire 2018 мерекесінде

Өткен сенбіде, 23 маусымда Алматыда көптеген адамдар жазды осы үшін асыға күтетін Esquire журналының бесінші жыл сайынғы жорығы өтті. Бес жыл ішінде Esquire Picnic 300 адамға арналған жай ғана сауық кешінен бірнеше мыңдаған адамдар, соның ішінде қаланың мәдени, шығармашылық және іскерлік элитасы үшін маңызды мәнді шараға айналды.

Табиғаттағы түстіктің 3000-нан астам қонақтары құлаққа жағымды музыканы тыңдап, шараның әріптестері дайындаған тағамдардан дәм татып, белсенді әрекеттерге қатысып, күнделікті өмірде адамдар байқай бермейтін жазғы жайлылықтың әсерін сезінді.

Бұл күнді қызықты және ұмытылмастай етіп өткізуге барын салғандардың бірі -НСК командасы. Түстікте біз қонақтарымызға коктейльдер ұсынып, өзіміздің өнімдеріміз туралы әңгімелеп, біздің полистерімізді сатып алғаны үшін жеңілдік беретін ваучерлерді сыйға тарттық. Біздің ынта-ықыласымызды шараның қонақтары да байқады.

Біз барлығы 500 жазғы коктейль жасап, жеңілдік беретін 700 ваучер сыйладық, 200-ден астам сауалнама толтырдық, көптеген қызықты адамдармен таныстық. Келгендеріңіз үшін рақмет!

Анықтама үшін:
Esquire – әлемге танымал ерлерге арналған журнал, оған биыл 85 жыл болды. Қазақстанда Esquire 2005 жылдан бері шығарылады.