РУС

Бізге 20 жыл!

Бұл жыл біздің компания үшін мерейтой жылы: "НСК" сақтандыру компаниясына 20 жыл! Ақтауда филиал қызметкерлері бұл атаулы мерейтойды әлеуметтік маңызды ауқымда атап өтуді ұйғарды. Компанияның туған күніне орай веложорық ұйымдастырылып, бұл Ақтау тұрғындары үшін нағыз мерекеге айналды.

Ішінде бала бақша бүлдіршіндері де, зейнеткерлер де бар жүздеген велосипедшілер ертемен "НСК" компаниясы ғимаратының алдына жиналды. Олардың алдына қаланың көрнекті жерлерімен өтіп, Каспий теңізінің жағалауына жетіп тоқтаудың арнайы құрылған мерекелік маршрутын еңсеру міндеті қойылды. Қалалық жорыққа барлық ниет білдірушілер түгел қатысты, ұйымдастырушылар велосипед түріне ешқандай шектеу қоймады, сондықтан сөренің жанында шоссеге арналған велоқұралдар, МТВ және микстар да болды. Қатысушыларға қойылған жалғыз талап -көңіл күйді позитив толқынына бағыттау.

— Біз велоспорт әуесқойларын, сондай-ақ оларды сөре мен мәреде қолдауға келген барлығыңызды көріп тұрғанымызға қуаныштымыз, — деп бастады сөзін осы шараға қатысу үшін Ақтауға арнайы ұшып келген "НСК" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Айдар Аукенов. —Спорттық шараның таңдалуы кездейсоқ емес, өткен жылы НСК Sphera компаниясымен бірлесіп, «Сфера здоровья» деп аталатын Қазақстан үшін бірегей өнімді іске қосқан болатын, бүгінгі веложорық та сол шараның жарасымды жалғасы. Барлық қатысушыларға мықты денсаулық, сәт сапар және жеңіс тілейміз!

Қатысушылардың алдында Маңғыстау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рушания Елизарова да сөз алып, "НСК" веложорығынан облыста велоспортсүйер қауым үшін жаңа маусым басталғанын атап өтті. Веложорық қатысушыларын 
"НСК" АҚ Ақтау филиалының басшысы да қолдады. Ол Ақтаумен қатар мұндай бұқаралық веложорық Алматыда да өтіп жатырғанын, бұл екі қаланың арасындағы байланыс символы екенін айтты.

Осы қашықтыққа шыққандардың ішіндегі ең жүйрігі жобалаушы-инженер Ғибрат Ильясов болып шықты, ол велосипед спортымен студент кезінде айналысқан екен, екінші болып мәреге Юрий Казаков жетсе, қола жүлдеге Тимур Ястремский ие болды.

— Ақтаудың барша тұрғындарын велоспортпен айналысуға шақырамын, веложаттығудың денсаулық үшін де, қарым-қатынас үшін маңызы зор. "НСК" компаниясына веложорық ұйымдастырғаны үшін рақмет айтамын, шатаспасам, бұл біздің қаламызда веложорық өткізіп отырған бірінші компания, —деп алғысын жаудырды жеңімпаз.

Ұйымдастырушылар компанияның Ақтау қаласындағы филиалы атынан жүлдегерлерге кубоктар, медальдар мен грамоталар табыстады. Веложорықтың ең кіші және ең үлкен қатысушылары да назардан тыс қалмады. Ресми бөлімнен соң және жеңімпаздар марапатталған соң барлық жиналған адамдар 
сақтандыру компаниясының кеңсесінің жанына арнайы құрылған киіз үйде жайылған мерекелік дастарханнан дәм татты. Айта кететін жайт, стартқа тек қазақстандықтар ғана шыққан жоқ. Бұл өңірдегі көптеген шетелдік компаниялар бірнеше жыл қатарынан "НСК"-мен тығыз жұмыс жасап келеді, олар веложорыққа қатысу туралы шақыруды қуана құптады. Өздеріңізге белгілі, Еуропада велосипед автокөліктен кем түспей келе жатқан көлік құралы. Өз тарапынан "НСК" компаниясы веложорықты келесі жылы да ұйымдастыруға, бұл шараға Ақтау қаласының салауатты өмір салтын ұстанушыларын көбірек тартуға уәде етті.