РУС

«Форум» журналы жариялаған байқау нәтижесі бойынша үздік сурет авторы марапатталды.

Танысып қойыңыздар, Ян Худяков — «Форум» корпоративтік журналымызда жүргізген байқауымыздың нәтижесінде үздік сурет авторы атанды.

25 мамырда Ян мен оның анасы біздің бас кеңседе қонақта болды. Біз жеңімпазға сыйлықтар —волейбол добы салынған рюкзак, фрисби, термос және басқа да корпоративтік тартулар табыстадық. Сонымен бірге лайықты жеңісімен құттықтап, оған шығармашылық жеңістер мен толағай табыстар тіледік!