RU

Аграрлық сақтандырудағы инновациялар

Қазақстанда алғаш рет орташа өңірлік түсімділік төмендеген жағдайда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қарыздарын кредиттік шарт бойынша міндеттемелерін орындамау тәуекелдерінен сақтандыруды қарастыратын сақтандыру өнімі іске асырылды. Пилоттық жоба "Аграрлық кредиттік корпорация" (АКК) АҚ қарыз алушылары үшін жүзеге асырылды. 

 

«Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ Дүниежүзілік Банкпен бірге атқарушы агенттігі Europa Reinsurance Facility Ltd болып табылатын, Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын «Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы катастрофалық тәуекелдерді сақтандыру қоры» (SEECA CRIF) гранттық бағдарламасының аясында,  сондай-ақ пилоттық сақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі оператор -«НСК» АҚ сақтандыру компаниясымен бірге АКК қарыз алушылары үшін көктемгі дала жұмыстарына және ору-жинау жұмыстарына арналған қарыздарды сақтандыру жөніндегі жаңа өнімді жасақтап, енгізді. 

 

Бірлескен өнім көктемгі дала жұмыстарын және жинау-ору жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруды көздеп, сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдеріне және өңірдегі түсімділік сақтандырылған деңгейден төмендеген және қарыз алушы кредиттік шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған жағдайда негізгі қарыз сомасының 40% дейінгі мөлшерінде кепілдік береді. Жаңа сақтандыру өнімін енгізу егіс салу және түсімді жаппай ору кезеңдерінде қарыз алушы фермерлерге арналған кредит сомасының 60%-на дейін кепілдікті қамтамасыз ету көлемін төмендетуге мүмкіндік береді. 

 

Бүгінгі таңда АКК соңынан көктемгі егіс салу және ору жұмыстарын жүргізу үшін жалпы сомасы 476 млн.теңгеге 5 қарыз алушыға -КС қатысушысына кредит беру үшін 3 кредиттік серіктестікті (КС) қаржыландырды. Жаңа сақтандыру өнімін енгізу аясында  сақтандыру полисімен қамтамасыз етілген қарыздардың сомасы 183 млн. теңгені немесе 38,5% құрады. Бұл КС қатысушыларына-фермерлерге 28,3 мың гектар ауданға бидай себуге мүмкіндік берді. 

 

Жаңа сақтандыру өнімі пилоттық сипатта. Пилоттық жобаны жүзеге асыруға төрт облыстан — Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарынан 11 кредиттік серіктестік қатысты. АКК серіктестерімен бірге сақтандыру өнімін енгізу географиясын кеңейтуді, сондай-ақ фермерлер тиімді шарттармен қарыздар алуға болатын бағыттарды әртараптандыруды жүзеге асыруды жоспарлады. 

 

«Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ Басқармасының төрағасы Нармұхан Сарыбаев айтқандай: «Бірлескен бастаманы жүзеге асыру өзінің тиімді екенін көрсетті, өңірде онша жақсы қамтылмағанына қарамастан, өзінің іс жүзіндегі тиімділігін көрсетті, фермерлер тарапынан өнімге деген қызығушылық жоғары екені байқалады». 

 

Евгений Гуренко, қаржы секторы мәселелері жөніндегі жетекші маман және Дүниежүзілік банк жобасының жетекшісі айтып өткендей, пилоттық жоба аясында бұрын Қазақстанда теңдесі болмаған сақтандыру өнімі жүзеге асырылды. Пилоттық жобамен жұмыс барысында ауыл шаруашылығындағы қолайсыз ауа райы жағдайларымен байланысты тәуекелдерден қаржылай қорғау үшін инновациялық сақтандыру технологиялары пайдаланылды. Бұдан әрі ынтымақтасу қазақстандық сақтандыру нарығының агросақтандыру бөлігіндегі әлеуетін дамыту және фермерлерге агроөндірісті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады. 

 

«НСК» АҚ сақтандыру компаниясы Басқармасының төрағасы Жарқын Альжанов пилоттық жобаның нәтижелері туралы былай деді: «22 жыл қатарынан біздің команда экономика мен бизнестің түрлі салаларына арналған ыңғайлы және қолжетімді сақтандыру өнімдерін құрады. Осы жоба үшін сақтандыру өнімін құру саланың нақты мәселелерін шешеді және бизнеске тәуекелдерді ойламай, тек дамуды көздеуге мүмкіндік береді. Біз жоғары дәрежелі сервис ұсыну және қызметтің осы бағытын дамыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз». 

 

Жоба аясындағы жұмыс 2019 жылдың ауыл шаруашылығы маусымы басталғанда да жалғаса береді және жоба қатысушыларының географиясын кеңейту ғана емес, сонымен қатар фермерлер үшін жаңа тартымды сақтандыру өнімдер ұсыну мақсатында өнімдер желісін көбейту де жоспарланады. 

 

Анықтама үшін: 

 

«Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ ("КазАгро" ҰБХ" АҚ еншілес компаниясы) бәсекеге қабілетті кәсіпкерліктің дамуына серпін беретін несиелеудің қолжетімді жүйесін қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Корпорация «КазАгро» холдингі компанияларының тобы құрамына кіреді және оның тікелей басшылығымен Қазақстанның барлық облыстарындағы 16 филиал мен өкілдіктеріндегі өз қызметін жүзеге асыру жөніндегі ауқымды жұмыстарды жүргізеді.

«Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ маркетинг және PR қызметі:
Әсел Ғаббасова, баспасөз хатшысы: +7 7172 55 99 16, +7 701 705 04 16; gabbassova.a@agrocredit.kz, assel.gabbassova@gmail.com

 

Дүниежүзілік Банк 2016 жылдың сәуір айында «Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы катастрофалық тәуекелдерді сақтандыру қоры» (SEECA CRIF) гранттық бағдарламасының бір бөлігі ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне және жергілікті сақтандыру нарығына катастрофалық тәуекелдердің  (жер сілкінісінің) және қолайсыз ауа райы құбылыстарының ұлттық экономика үшін жағымсыз зардаптарын жоюда арнайы техникалық қолдау көрсету жөніндегі жобаны мақұлдады. SEECA CRIF гранттық бағдарламасының мақсаты Қазақстанға катастрофалық тәуекелдерден сақтандыру нарығына арналған заманауи инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесуден тұрады, бұл төтенше қолайсыз ауа райы жағдайларының тәуекелдерін қосқанда, катастрофалық тәуекелдерден сақтандырудың қаржылық тұрғыдан қолжетімді және инновациялық өнімдерін іске қосуға мүмкіндік береді. 

 

Дүниежүзілік Банктің айқындауынша Europa Reinsurance Facility Ltd «Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы катастрофалық тәуекелдерді сақтандыру қоры» Техникалық көмек беру бағдарламасы бойынша атқарушы агенттік болып табылады. Europa Re штаб-пәтері Швейцарияда орналасқан, ол катастрофалық тәуекелдерді қайта сақтандыруға маманданған және Швейцария қаржы нарықтарын қадағалау жөніндегі агенттігінің (FINMA) лицензиясына ие болған.
Europa Reinsurance Facility Ltd Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы: Марина Шиповалова, +7 777 237 4027, marina.shipovalova@europa-re.com

 

«НСК” АҚ сақтандыру компаниясы 22 жылдан бері Қазақстанның сақтандыру нарығында алдыңғы қатардан табылып келеді. Біз клиенттерімізге заманауи сервис және ең қолайлы шарттарды ұсыну үшін барымызды саламыз. 1996 жылдан бері НСК жеке тұлғаларға және экономиканың түрлі салаларындағы кәсіпорындарға арналған сақтандырудың қарапайым және қолайлы өнімдерін жасақтауда. 01.05.2018ж. алғанда НСК нарықтағы барлық сақтандыру компанияларының арасында сақтандыру сыйақыларының жиымы жөнінен ТОП-10 қатарына енді. Ал біздің беделіміз — бұл төленген сақтандыру төлемдерінің тарихы. 2018 жылдың 1 мамырына алғанда "НСК" АҚ сақтандыру компаниясы 1,1 млрд. астам теңге төледі.
www.nsk.kz