РУС

«Almaty Star Game» 2017 - АӘХЛ жұлдыздар матчы

НСК компаниясы Шайбалы хоккей федерациясын қолдауды жалғастырады және осы жолы «Almaty Star Game» -Алматы Әуесқой Хоккей Лигасы (АӘХЛ) жұлдыздары ойынының демеушісі мен серіктесіне айналды.

24 желтоқсанда Алматыдағы “Halyk Arena” спорт кешенінде АӘХЛ үздік ойыншылары бетпе-бет келді. Мұздағы хоккей лигасының ең жарық жұлдыздары тайталасқа түскендіктен, олардың табандылығы сыналып, мойындарын шарфпен қымтап, вувузеланы тынбай үрлеген жанкүйерлер де бір сәт дамылдамады. 

Үздіктер сайысы жыл сайын күнтізбелік жыл соңында өткізіледі. Осы жолы НСК бұл оқиғаны қызықты интерактивпен жөнемелеп, балаларға компания атынан тәттілер ұсынып, сыйлықтар таратты.