RU

Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша лицензия қалпына келтірілді

Құрметті "НСК" АҚ сақтандыру компаниясының серіктестері мен клиенттері! 

Сіздерге 22 жыл бойы сақтандыру және қайта сақтандыру саласындағы біздің тәжірибеміз бен құзыретімізге деген сенімдеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Біз сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін үздік өнімдер мен жағдайларды ұсынып қана қоймай, сонымен бірге жаңалықтарды жедел жеткізуге тырысамыз.  Сондықтан акционерлік қоғамға 2010 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі -ҚР ҰБ) Басқармасының №2.1.10 қаулысының негізінде берілген сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензияның қалпына келтірілгенін қуана хабарлаймыз. 

2018 жылдың 4 маусымынан бері тарихи дәстүрмен қалыптасқан сапа және жауапкершіліктің шынайы үлгісін ұстана отырып, осы сақтандыру класы және 19 ерікті сақтандыру кластары бойынша толыққанды қызметімізді жалғастырудамыз. Сақтандыру саласындағы біздің тәжірибеміз бен құзыретімізге жыл сайын жарты миллионнан астам қазақстандықтар, жиырма мың жеке компания, шетелдік ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдар сенім білдіреді. 01.05.2018ж. алғанда біздің компания нарықтағы барлық сақтандыру компанияларының арасында сақтандыру сыйақыларының жиымы жөнінен ТОП-10 қатарына енді. Ал біздің беделіміз — бұл төленген сақтандыру төлемдерінің тарихы. 2018 жылдың 1 мамырына алғанда "НСК" АҚ сақтандыру компаниясы 1,1 млрд. астам теңгеге төлем жасады. Компанияның қаржылық көрсеткіштері ҚР Ұлттық банкінің сақтандыру компаниялары үшін белгілеген нормаларына ғана емес, сонымен қатар халықаралық стандарттарға сәйкес тәуелсіз рейтинг агенттіктерінің тарапынан қойылатын талаптарға да толығымен, тіпті артығымен сәйкес келеді.

ҚР Ұлттық Банкінің 2018 жылдың 1 мамырына алғандағы деректеріне сәйкес, негізгі қаржылық көрсеткіштер:

Компания активтері – 17,4 млрд. теңге
Сақтандыру резервтері – 10,4 млрд. теңге
Меншікті капитал – 6,3 млрд. теңге
Сақтандыру сыйлықақылары (гросс) – 4,7 млрд. теңге
S&P нұсқасы бойынша халықаралық сенімділік рейтингі – “B+”

1996 жылдан бері біздің командамыздың кәсіби шеберлігі «НСК» АҚ клиенттеріне өздерінің сүйікті істерімен алаңсыз айналысуы үшін тыныш өмір сыйлайды; алға ұмтылдырады, жаңа мақсаттарға жетелейді, саяхаттап, ең батыл шешімдер қабылдауына дем береді.

Біз өз клиенттеріміз бен серіктестеріміздің өсіп-өркендеуіне шын жүректен тілектеспіз. “НСК” АҚ сақтандыру компаниясының ұжымы мен Басқарма төрағасы Альжанов Жарқын келесі байланыс құралдары арқылы Сіздердің кез-келген сұрақтарыңызға жауап беруге дайын: info@nsk.kz және alzhanov@nsk.kz. Қолайлы болса, Facebook арқылы хат жазыңыз: @nsk.kz, әдетте біз 5 минут ішінде жауап қайтарамыз.