РУС

21 жыл сенімді сақтандыру Біз қорғаудың не екенін өте жақсы білеміз!

21 жыл сенімді сақтандыру Біз қорғаудың не екенін өте жақсы білеміз!

10 сәуір күні өзіміздің 21-ші туған күнімізді атап өттік.

Барлық клиенттеріміз бен серіктестерімізге  бізді таңдап, бізге асыл нәрселеріңізді сеніп тапсырғандарыңыз үшін рақмет айтамыз. Команда мүшелеріне де жылы лебіз арнауды жөн көрдік. Құзыреттілігіңіз, жауаптылығыңыз үшін, компанияның табыстарын молайтып, оның өркендеуіне үлес қосқаныңыз үшін алғысымыз зор.

Сөз соңында бірер статистика келтірсек: НСК тарихында біз 30 000 000 000 теңгеге жуық сақтандыру төлемін жасадық. Өте көп, солай емес пе?

Туған күнімізбен!