РУС

S&P Global Ratings «НСК» АҚ рейтингін «B» деңгейінен «B+» дейін көтерді.

S&P Global Ratings «НСК» АҚ рейтингін «B» деңгейінен «B+» дейін көтерді.

Осылайша, рейтингтің өзгеру болжамы — «Тұрақты». Әлемдік агенттік те компания рейтингін ұлттық бағам бойынша «kzBB+" деңгейінен «kzBBB-" дейін жоғарылатты.

«НСК рейтингінің көтерілуі біз күткендегіден де жоғары болып шыққан компанияның 2016 жылғы операциялық қызметінің нәтижелерімен, сондай-ақ дивиденд төлемдерінің азаюымен байланысты болды, бұл түптің түбінде бізге НСК капитализациялау және пайдалылығына берілген бағаны "қанағаттанарлықтан" «адекватты (диапазонның төменгі сегменті)» деп өзгертуге себеп болды, — деп түсіндірді S&P.

Агенттіктің байқауынша, 2016 жылы аралас коэффициент (шығындылық және пайдалылық коэффициенттері) шамамен 91% құрады, бұл күтілген мәннен әлдеқайда төмен (110−115%). Компания 2015 жылы орын алған теңге девальвациясының зардаптарына ойдағыдай қарсы тұра білді. Сонымен бірге агенттік акционерлердің 2016 жыл қорытындысы бойынша дивиденд төлемдеріне қатысты талаптарының біршама қысқарғанын айтады.