Мамандандырылған медициналық қызмет көрсету және амбулаторлық білікті ем алу мен үйге келу. Бұл туралы барлық қазақстандықтар емханаға жүгіну кезінде ойланады. Медициналық сақтандырумен «МСК» АҚ клиенттеріне Қазақстан бойынша ең үздік 400 клиника мен медорталықтар қызмет көрсетеді. «МСК» АҚ заңды тұлғалар үшін сапалы медициналық қызмет көрсету мен ем ұсынады.
«Долана», «Долана Эконом», «Долана минимум» Бағдарламасы
«МСК» АҚ өз клиенттерінің денсаулығының қамын ойлайды. Медициналық полис иесі қазақстандықтар тұрғылықты мекенжай бойынша поликлиникаларға жүгіну барысында тап болатын көптеген мәселелерден арылады:
- кезекте тұру;
- мамандар жеткіліксіздігі;
- жедел жәрдеммен байланысты мәселелер.
Бұл бағдарламамен «МСК» АҚ клиенттері медициналық қызметтерді үйде алу, сондай-ақ медициналық көмек пен қызметтерді Open Clinic медициналық орталықтар желісінің Алматы, Астана, Атырау, Ақтау мен Құлсары қалаларындағы базасында алу мүмкіндігіне ие болады. Open Clinic – МСК сақтандыру компаниясының бас серіктесі, бұл – артықшылықтары басым қызмет көрсету мен әр емделушіге жеке тәсілдеменің кепілі.
«Долана» бағдарламасы бойынша медициналық сақтандыру мүмкіндіктері:
- Отбасылық дәрігер/педиатрдың шұғыл және ем алу қажеттілігі жағдайларындағы тәуліктік үйге, кеңсеге келуі
- «Долана» бағдарламасы бойынша сақтандырудың қолданылу мерзімінің ішінде 30 реттен көп емес;
- «Долана эконом» бағдарламасы бойынша сақтандырудың қолданылу мерзімінің ішінде 15 реттен көп емес;
- «Долана минимум» бағдарламасы бойынша сақтандырудың қолданылу мерзімінің ішінде 4 реттен көп емес;
- Шұғыл және ем алу қажеттілігі жағдайларында Open Clinic отбасылық дәрігері/педиатрының клиниканың жұмыс сағаттарында шектеусіз қабылдаулары:
- «Долана» бағдарламасы бойынша сақтандырудың қолданылу мерзімінің ішінде клиниканың жұмыс сағаттарында 10 реттен көп емес;
- «Долана эконом» бағдарламасы бойынша сақтандырудың қолданылу мерзімінің ішінде клиниканың жұмыс сағаттарында 3 реттен көп емес;
- «Долана минимум» бағдарламасы бойынша диспетчерлік қызмет телефоны бойынша білікті дәрігерлік ақыл-кеңес;
- диспетчерлік қызмет телефоны бойынша білікті дәрігерлік ақыл-кеңес;
- Медициналық орталықтар, стоматология, дәріхана туралы ақпаратқа қолжетімділік;
- Ғылыми орталықтардың профессорлары, жетекші мамандарымен ақыл-кеңес ұйымдастыру;
- Қаланың кез келген стационарына емге жатқызуды ұйымдастыру мен Сақтандырушы өкілінің тарапынан алдағы ем алуды бақылау;
- 5% жеңілдікпен орта медициналық қызметкерлер құрамының үйде қызмет көрсетуін ұйымдастыру;
- 5% жеңілдікпен лабораториялық зерттеулерден басқа, Open Clinic диагностикалық қызметтері мен емдік процедураларын алу;
- Сырқат пен балаға қарау бойынша жарамсыздық парағын беру;
«Долана» бағдарламаларының құны 10 000 теңгеден жоғары
Сондай-ақ, заңды тұлғаларға:
- Шетел азаматтары үшін «Simple» бағдарламасы (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін).
- «Нәресте» бағдарламасы – жаңа туылған нәрестені бір жасына дейін үйде бақылау.
- «Жүктілік пен босану» бағдарламасы.
МСК-да медициналық сақтандырудың артықшылықтары
- Отбасылық дәрігер/педиатрды аптаның 7 күнінің кез келген тәулігінде үйге шақыру мүмкіндігі.
- Open Clinic медициналық орталығында өзіңізге ыңғайлы уақытқа алдын-ала жазылу арқылы дәрігер ақыл-кеңесін алу мүмкіндігі.
- Тәуліктік диспетчерлік қызмет тәулігіне 24 сағат бойы қажетті медициналық ақпаратпен қамтамасыз етеді.
- Білікті дәрігерлік ақыл-кеңесті телефон арқылы алу мүмкіндігі.
- Сақтандыру компаниясы емделушінің құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді, ем алу барысында медициналық көмек сапасын тікелей бақылайды.
Барлық медициналық сақтандыру бағдарламаларының шарттары мен құны туралы толығырақ ақпаратты «МСК» АҚ медициналық сақтандыру Басқармасынан біле аласыздар.