Бүгінде «МСК» АҚ штатында 800-ден астам қызметкер және 1200-ден астам сақтандыру агенті жұмыс істейді. Қазақстанның 15 қаласындағы 17 филиал сақтандыру шартын жасау кезінде де, сақтандыру жағдайы туындағанда да клиенттерімізге жақын болуға мүмкіндік береді.
Мамандарды таңдау аумақтық белгі бойынша емес, өз саласындағы барынша құзыреттілік қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Өсу мүмкіндіктері әрбір қызметкерге, ол қай қалада жұмыс істейтініне қарамастан, беріледі.
Компания әрқашан сау амбицияларды қолдайды. Қызметкерлер өз идеясымен және дайын бизнес-жоспарымен келіп, нәтижесінде жаңа басқармалар мен жобалардың басшысы болған мысалдар көп. Компания «МСК» АҚ мамандарының ішінен мансаптық өсуге ынталы, кәсіби дағдылары мен басқарушылық құзыреттері жоғары деңгейде дамыған қызметкерлерден басшылық және әкімшілік лауазымдарға кадр резервін қалыптастыру бойынша үздіксіз жұмыс жүргізеді.
Персонал құрылымы
2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша компанияның тізімдік саны 772 адамды құрады. Қазіргі халықаралық зерттеулерге сәйкес сақтандыру саласындағы кадр ағымдылығының нормасы — 30%. 2015 жылы персонал ағымдылығының көрсеткіші 10% құрады.
Кадрлық әлеуетті дамыту
Персонал — Компанияның басты құндылығы және оның стратегиялық мақсаттарына сәтті жетуінің кепілі. «МСК» АҚ өз қызметкерлеріне тұрақты жалақы мен әлеуметтік пакетті, кәсіби және мансаптық өсу мүмкіндіктерін ұсынады. Компания кадрларды дамыту және әлеуметтік қолдау бағдарламаларын үнемі жетілдіріп отырады.
Компания мамандарын бейімдеуге және дамытуға бағытталған тренингтер, бөлімшелер қызметкерлері арасындағы футбол жарыстары және серіктес компаниялардың ұжымдары қатысатын сыртқы чемпионаттар тұрақты түрде өткізіледі. Дөңгелек үстелдер, директорлар слёттары, дәстүрлі мерекелік корпоративтер ұйымдастырылады — олардың аясында басқарушы компания аумағына өңірлік бөлімшелердің үздік өкілдері жиналады.
Компания талантты мамандарды тартуға мүдделі. Жас әрі талантты мамандарды тарту мақсатында компания жыл сайын жоғары кәсіптік оқу орындарының бос жұмыс орындары мен тағылымдамалар жәрмеңкелеріне қатысады, сондай-ақ тағылымдамашылар мен практиканттарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өзара әрекеттеседі.
Еңбекақы төлеу және персоналға жұмсалатын шығындар
Компаниядағы жалақы деңгейі еңбек нарығындағы орташа нарықтық деңгейге сәйкес келеді. Қызметкерлердің жалақысы жеке тиімділігі ескеріле отырып қайта қаралады. Қызметкерлердің жұмыс нәтижелері теңгерімделген көрсеткіштер жүйесі негізінде бағаланады.
Компаниядағы персоналмен жұмыстың маңызды бағыттарының бірі — қызметкерлерді материалдық емес ынталандыру жүйесін жетілдіру. Оның бағдарламаларына спорттық жарыстар, демалыс іс-шаралары, корпоративтік кездесулер, ұжыммен кинотеатрға бару, қызметкерлердің еңбегін жария мойындау, алғыс хаттармен марапаттау және басқа да көптеген іс-шаралар кіреді.
«МСК» АҚ-да қызметкерлерге түрлі әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдерді көздейтін ережелер мен нормалар қолданылады. Әлеуметтік пакетке ерікті медициналық сақтандыру, жеңілдікті пайыздық мөлшерлемемен несие беру, ұялы байланысты төлеу, неке қию, бала туу, мерейтойлық күндерге байланысты біржолғы төлемдер және басқа да ынталандырушы бағдарламалар кіреді.