РУС

Кеме көлігін сақтандыру

«НСК» АҚ кеме операциялары саласындағы кешенді сақтандыру қызметтерін ұсынатын көшбасшылардың бірі болып табылады.


сақтандыру ережелері Кеме көлігін сақтандыру

Өтінім беру

Компанияның артықшылықтары

  • Түсінікті ережелер

    Қашан төлем алуға сүйенуге болатынын нақты айтып береміз

  • 20 жылдан асқан тәжірибе

    Біздің клиенттер 7300-ден астам түн бойы тыныш ұйықтауда.

  • Айқын қарым-қатынастар

    Біздің көмегіміз әрқашан
    жүгіне аласыз

  • Адал төлемдер

    Біздің компаниямыздың жұмысының
    негізі – адал төлемдер

Бұл сақтандыру түрі кеме иелері мен кеме немесе өзге су көлігін пайдалануға байланысы бар өзге тұлғалардың сақтандыру қорғанысын қамтамасыз етеді. Сақтандыру өтемақысы кеме иелеріне тиесілі су көлігіне залал келтірілген немесе ол опат болған жағдайда, немесе оның мүліктік мүдделеріне аталмыш көлікті пайдаланумен байланысты өзге залал келтірілген жағдайда төленеді.

Сақтандыру жағдайы

  • Сақтандыру жағдайы ретінде су көлігінің келесі себептер нәтижесінде зақымдалуы, опат болуы және/немесе жойылуы танылады:
  • Кездейсоқ сыртқы соққы беру әсері;
  • Өрт немесе өздігінен жану;
  • Су көлігінің қозғалысы кезінде туындаған және оның қатысуымен болған, нәтижесінде  адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, өзге көлік құралдары, ғимараттар, жүктер зақымдалған немесе өзге материалдық залал келтірілген оқиға түсінілетін көлік оқиғасы;
  • Су көлігін ұрлау немесе айдап әкету;
  • Ұрлау деп пайда көру мақсатында құқыққа қайшы ақысыз тартып алу және/немесе кінәлі тараптың жеке пайда көру немесе өзге де пайдакүнем мақсатта су көлігін оның меншік иесіне немесе өзге иесіне зиян тигізетін өз немесе өзге тұлғалардың пайдасына өзгерту танылады. Айдап әкету ретінде сақтандырылған су көлігін ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену танылады;
  • Табиғи апат;
  • Үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері.

Қосымша сақтандыруға болады:

  • залал нәтижесінде су көлігін құтқару барысындағы немесе кемежайға мәжбүрлі кірумен байланысты орынды шығындар;
  • рейс ұзақтығының максималды мерзімінен асқан соң, жоғалды деп саналған немесе ол туралы дерек болмаған сақтандырылған су көлігін іздеу жұмыстары мен табылуы барысындағы Сақтанушының шығындары;
  • сақтандырылған су көлігі апатқа ұшыраған кемежай аумағында апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша шығындар;
  • жөндеу жұмыстары уақытында су көлігін орналасқан жерге жөндеу жұмыстарын жүзеге асыруға қажетті жұмысшылар, материалдар, құрал-саймандар мен құрылғыларды тасымалдау бойынша шығындар немесе су көлігін  жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуға тиісті жерге ең тиімді тәсілмен тасымалдау бойынша орынды шығындар;
  • сақтандыру жағдайынан кейін су көлігін қайта қалпына келтіру жұмыстарынан соң пайдалануға жарамдылық туралы куәлікті алумен байланысты жаттығу рейстері немесе өзге рейстер шығындары;
  • су көлігінің апат орын алған жерден өз кемежайына  немесе ең тиімді жақын кемежайға қайтару.

Отправить заявку

Байланыс деректеріңізді қалдырсаңыз, біз компанияның таныстырылымын және жылдық есепті поштаңызға жөнелтеміз және сұрақтарыңызға жауап беру үшін сізге қайта қоңырау шаламыз.

Айгерим

сіздің сұрақтарыңызға жауап береді

+7
Captcha толтырылмаған
Бізге қоңырау шалу қолайлы ма?