РУС

Құрылыс-монтаж жұмыстарын сақтандыру


сақтандыру ережелері Құрылыс-монтаж жұмыстарын сақтандыру

Өтінім беру

Компанияның артықшылықтары

  • Түсінікті ережелер

    Қашан төлем алуға сүйенуге болатынын нақты айтып береміз

  • 20 жылдан асқан тәжірибе

    Біздің клиенттер 7300-ден астам түн бойы тыныш ұйықтауда.

  • Айқын қарым-қатынастар

    Біздің көмегіміз әрқашан
    жүгіне аласыз

  • Адал төлемдер

    Біздің компаниямыздың жұмысының
    негізі – адал төлемдер

Страхование строительно-монтажных рисков позволяет защитить интересы основных участников строительства: заказчика (инвестора) и подрядчика.

Договор покрывает разные этапы: от разработки технико-экономического обоснования до пуска объекта строительства в эксплуатацию.

Тәуекелдер

Құрылыс-монтаж тәуекелдерін сақтандырудағы сақтандыру жағдайы —бұл  белгілі бір туындау ықтималдығына ие келесі оқиғалар салдарынан залалдың келуі:

  • өрт, жарылыс, найзағай түсуі, ұшу аппараттарының құлауы;
  • құйын, сұрапыл дауыл, боран, тайфун;
  • қар көшкіні, сел;
  • су басу, тасқын су, нөсер;
  • опырылу, топырақтың көшуі, шөгуі, жер асты суларының көтерілуі;
  • жер сілкінісі;
  • үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері, соның ішінде жымқыру;
  • инженерлік желілердегі (су құбыры, канализация, жылу құбырлары, электрмен жабдықтау) авариялар;
  • монтаж кезіндегі қателер;
  • жылжымалы құрылыс техникасының түйісуі немесе соқтығуы нәтижесінде сақтандырылған объектінің құлауы немесе бүлінуі;
  • объектінің бұзылуы немесе бүлінуі, соның ішінде опырылған немесе құлаған бөліктермен.

Сақтандыру компаниясының басты міндеті — объектілердің құрылысы кезінде туындаған алдын-ала болжанбаған және күтпеген шығынды өтеу, сонымен қатар құрылысқа салынған қаржы салымдарын қорғау.

Сақтандыру объектілері

  • құрылыс жұмыстары, соның ішінде құрылыс материалдары мен конструкциялар, жалақы төлеу шығындары, тасымалдау шығындары, кеден алымдары мен баж салықтары, сондай-ақ тапсырыс беруші жеткізетін құрылыс элементтері мен материалдары.
  • монтаж жұмыстары, соның ішінде монтаждалатын жабдық, жалақы төлеу шығындары, тасымалдау шығындары, кеден алымдары мен баж салықтары, сондай-ақ тапсырыс беруші ұсынатын материалдар, жабдықтар мен қызметтер.
  • сақтандыру шартына жалғанатын тізімге сәйкес құрылыс алаңындағы мүлік (уақытша ғимараттар мен құрылыстар, қойма жайлары, құрылыс сатылары, инженерлік коммуникациялар, құрылыс машиналары мен жабдық).
  • шартта көрсетілген сақтандыру аумағын сақтандыру жағдайы нәтижесінде бүлінген мүлік қалдықтарынан тазарту шығындары.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу барысында үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікті сақтандыру кезінде:

  • сақтандыру шартында көрсетілген құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және/немесе мүлкіне зиян келуі.

47,8 млн. теңге — 2015 жылдағы осы сақтандыру түрі бойынша сыйақы көлемі.

Сақтанушының төмендегі жайттар салдарынан келтірілген зиянға қатысты іске қосылғаннан кейінгі кепілдік міндеттемелері:

  • кепілді пайдалану кезеңінде белгілі болған, құрылыс-монтаж және іске қосу-жөндеу операцияларын жүргізу кезінде орын алған қателіктер;
  • сақтанушының кепілді міндеттемелерін орындауы кезінде орын алған қателіктер.

Артықшылықтары

  • Халықаралық рейтингі және клиенттерге қызмет көрсету деңгейі жоғары сақтандыру компаниясы.
  • Сапалы сервис.
  • Шартты жедел жасау.
  • Сақтандырудың икемді шарттары.
  • Сенімді қайта сақтандыру қорғанышы.
  • Клиенттер алдындағы міндеттемелерді тез әрі мүлтіксіз орындау.
  • Сақтандыру шартын құрылыс мерзіміне теңдес мерзімге жасау мүмкіндігі.

Отправить заявку

Байланыс деректеріңізді қалдырсаңыз, біз компанияның таныстырылымын және жылдық есепті поштаңызға жөнелтеміз және сұрақтарыңызға жауап беру үшін сізге қайта қоңырау шаламыз.

Айгерим

сіздің сұрақтарыңызға жауап береді

+7
Captcha толтырылмаған
Бізге қоңырау шалу қолайлы ма?