РУС

Мекенжайлар мен байланыстар

Біздің Қазақстан бойынша ауқымымыз өте кең — 79 офисов в 37 городах
Біздің Қазақстан бойынша ауқымымыз өте кең — 79 офисов в 37 городах

Жиі қойылатын сұрақтар

ҚР сақтандыру заңнамасына сәйкес әрбір КҚ иесі өзінің үшінші тұлға алдындағы жауапкершілігін сақтандыруы тиіс. Яғни егер ЖКО орын алып, үшінші тұлғаларға залал келген болса, онда ЖКО кінәлі тұлғаның сақтандыру компаниясы зардап шеккендерге зиянның өтемін төлейді.

Бонус-малус — (латын тілінен аударғанда «жақсы-жаман») сақтандыруда қолданылатын, сақтандыру жағдайларының тарихына қарай клиенттің сақтандырушыға төлейтін сақтандыру сыйақысын өзгерте алатын жеңілдіктер жүйесі. Бонус-малус класы авариясыз қозғалыс кезінде өсіп, клиент кінәсінен ЖКО орын алған жағдайда төмендеп отырады. Осылайша КҚИ АҚЖ МС құны бонус-малусқа қарай төмендеп немесе өсіп отырады. 

КАСКО –бұл КҚ сақтандырудың ерікті түрі. Бұл жағдайда машина түрлі зардаптардан сақтандырылады.

Көлік құралын дереу тоқтатып (орнынан қозғамау), ЖЖҚ 7.2-тармағының талаптарына сәйкес апаттық жарық дабылшамын жағып, апатты тоқтау белгісін (жарқылдаушы қызыл қолшам) беріп, оқыс оқиғаға қатысы бар заттарды қозғауға болмайды.

Дәрігер келгенге дейін зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетудің ықтимал мүмкіндіктерін қабылдап, «жедел медициналық жәрдем» шақырып, төтенше жағдайларда жолшыбай көліктермен зардап шегушілерді жөнелтіп, ал егер мүмкін болмаса, өзінің көлік құралымен ең жақын орналасқан емдеу мекемесіне жеткізу, өзінің тегін, көлік құралының тіркелу таңбасын (тұлғаны куәландыратын құжатты немесе жүргізуші куәлігін және көлік құралының тіркеу құжатын көрсете отырып) хабарлап, сосын оқиға орнына оралу қажет.

Болған жағдай туралы ең жақын орналасқан ішкі істер органына хабарлап, куәлардың тектері мен мекенжайларын жазып алып, ішкі істер органдарының қызметкерлері келгенше күту қажет.

ЖКО орнына сақтандыру компаниясының өкілі — Авариялық комиссарды шақыру қажет.

КҚИ АҚЖ МС бойынша төлемдерді рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:

  • Өтініш;
  • Полис (түпнұсқа);
  • Тех. паспорт (көшірме);
  • Жүргізуші куәлігі (көшірме);
  • Жеке куәлік (көшірме);
  • Пайда алушының банк деректемелері;
  • Көлік басқаруға берілген сенімхат немесе жолпарақ (көшірме);
  • Медициналық куәландыру қорытындысы (түпнұсқа);
  • Авариялық комиссардың хаттамасы;
  • ЖЖҚ бұзу туралы хаттама;
  • ЖКО сызбасы;
  • ЖКО қатысушылардың түсініктемелері;
  • Әкімшілік соттың заңды күшіне енген қаулысы немесе Сот үкімі. Іс сотқа жолданбаған жағдайда — ІІД ЖПБ немесе басқа құзыретті органның қаулысы (түпнұсқа).

Зардап шегушінің/ пайда алушының қажетті құжаттарының тізбесі:

  • Өтініш;
  • Тех. паспорт (көшірме);
  • Жүргізуші куәлігі (көшірме);
  • Жеке куәлік, СТН (көшірме);
  • Көлік басқаруға берілген сенімхат (көшірме);
  • Бас сенімхат (көшірме)
  • Сақтандыру төлемін алу сенімхаты (нотариалдық, түпнұсқа);
  • Пайда алушының СТН, банк деректемелері (көшірмелер);
  • Медициналық куәландыру қорытындысы;
  • Бағалау жүргізуге өтініш беру;
  • Мүлікке келтірілген зиянды бағалау туралы есеп.

Өміріне немесе денсаулығына нұқсан келген жағдайда зардап шегушінің/ пайда алушының қажетті құжаттарының тізбесі:

  • Еңбекке жарамсыздық парағы/ үзінді эпикриз;
  • Емделуге жұмсалған шығындарды растаушы құжаттар (фискалдық, тауарлық чектер);
  • Қайтыс болу туралы куәлік (нотариат растаған көшірмесі).
     

КАСКО бағдарламасы бойынша төлемдерді рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:

  • Өтініш;
  • Полис (көшірмесі);
  • Сақтандыру шарты (көшірмесі);
  • Қосымша келісім немесе қосымша (көшірме);
  •  Тех. паспорт (көшірме);
  • Жүргізуші куәлігі (көшірме);
  • Жеке куәлік (көшірме);
  • Сенімхат немесе жолпарақ (көшірме);
  • Пайда алушының СТН, банк деректемелері (көшірме);
  • Медициналық куәландыру қорытындысы;
  • Сервис Орталықтан Ақаулық акт;
  • Сервис Орталықтан шот;
  • Меншік иесінің өтініші;
  • Төлем тапсырмасы;
  • Бағалау туралы есеп.
  • Орташа нарықтық құнын анықтау жөніндегі қорытынды, «НСК» АҚ фотосуреті;
  • Авариялық комиссардың қарап шығу акті;
  • Орындалған жұмыстар акті, шот-фактура;

Сақтандыру жағдайының фактісін растаушы құзыретті орган құжаты (КАСКО бірқатар бағдарламалары бойынша міндетті болып саналмайды):

  • ЖЖҚ бұзу туралы хаттама;
  • ЖКО сызбасы;
  • ЖКО қатысушылардың түсініктемелері;
  • Әкімшілік соттың заңды күшіне енген қаулысы немесе Сот үкімі. Іс сотқа жолданбаған жағдайда — ІІД ЖПБ немесе басқа құзыретті органның қаулысы (түпнұсқа).
     

Пәтердің /тұрғызылымның құрастырылымдық элементтері (аялдама кешендерін қоспағанда, жерге мықтап бекітілетін, жылжымайтын мүлікке жататын құрылымдар мен өзге де құрылыстар), соның ішінде терезе және есік құрастырылымдары (бөлме аралықтарын қоспағанда), электр сымдары, жылу, су, канализация, газ жүйелерінің құбырлары.

Құрылыс өңдемесі, атап айтқанда сылау және сырлау жұмыстарының барлық түрлері, соның ішінде илеу жұмыстары; қабырғаларды, төбені, еденді жабындау, бөлме аралық есік құрастырылымдары, соның ішінде әйнектеу, бөлмеаралық терезе құрастырылымдары; кіріктірілген жиһаз

Техникалық жабдық: жылу (соның ішінде еденді, төбені, қабырғалардың жылу жүйелері), бақылау және күзету (соның ішінде камералар, домофондар), ауаны желдету, баптау, сумен жабдықтау (соның ішінде бітеу құрылғылары, раковиналар, ванналар, душ кабиналары, т.б.), канализация (соның ішінде әжетхана бөлмелеріне арналған сантехникалық жабдық), қалдықтарды төгу (қоқыс құбыры), газбен жабдықтау (соның ішінде арматура, газ бағандары, плиталар), электрмен қоректендіру, соның ішінде әлсіз токты (антенна, телефон, сигнал бергіштер, радио және т.б.) жүйелері, өзге де жабдықтар.

Тұрмыстық және жеке қажеттілік құралдары: жиһаз, интерьер бөліктері, шаруашылық керек-жарақтары, т.б. Үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілік: сақтандырылған мүлікті пайдалану кезінде судан зардап шегу нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне зиян келтірілгенде.
 

Мүлікті келесі тәуекелдерден сақтандыруға болады:

  • Өрт және түтін, газдың жарылуы;
  • Судан және басқа сұйықтық салдарынан бүліну;
  • Табиғат апаттары (жер сілкінісін қоспағанда);
  • Ұшқыш басқаратын ұшу аппараттарының, ағаштардың немесе бөгде объект денелерінің құлауы;
  • Құрлықтағы КҚ немесе өздігінен жүретін машиналардың адамды қағып кетуі, соғылуы, түйісуі;
  • Үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы қылықтары – қарақшылық, бұзақылық,  вандализм;
  • Ұрлық, тонау;
  • Үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілік. 

АКИ АҚЖ ЕС — бұл автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру. Міндетті сақтандырумен салыстырғанда сақтандыруды клиент ерікті түрде сатып алады, алайда бұл жағдайда да клиенттің көлік құралын жүргізу кезіндегі азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылады.

Пәтер иелерінің АҚЖ ЕС сақтандыру бағдарламасы су басу, өрт және осыған ұқсас күтпеген авариялық жағдайлар кезінде Сіздің айналаңызда тұрып жатқан көршілеріңіз алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігіңізді қорғайды.

Онлайн сақтандыру жайлы жаңа заң – жаһандық деңгейдегі заң. Заңның негізгі идеясы – қағаз формасындағы сақтандыру полистерін толықтай жою мен оларды электронды форматпен алмастыру. Енді ешқандай қағаздар жоқ  міндетті сақтандыру түрлерінің сақтандыру полистері тек электронды формада берілетін болады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, клиент кез келген жерден және ғаламтор желісіне байланыса отырып, өз автокөлігіне сақтандыру полисін ала алады. Жеке тұлға полисті банк картасымен төлей алады, ал карта болмаған жағдайда төлем шотын жасауына болады.

Сақтандырудың электронды форматы сандар мен әріптер жиынтығынан тұрады. Ол word-құжаты немесе pdf-файл емес, ДБСБ-да (Деректердің бірыңғай сақтандыру базасы) сақталатын символдар жиынтығы.

Сақтандыру компаниялары автокөлік иелерімен шарт жасасқанда, клиент өзі ұсынған құжаттар негізінде ДБСБ-на жіберілетін. Бұл жағдайда оператор, агент немесе клиенттің өзі қате жіберу қаупі бар еді.

Ал қазір деректерді ДБСБ-на әдеттегідей жіберуден бөлек, алдын ала мемлекеттік деректер базасында (МДБ) тексеріс жүргізіледі. Яғни клиенттің жеке деректері мен автокөлік жайлы ақпаратты енгізген соң, жүйе олардың дұрыстығын ДБСБ мен МДБ біріктіру жолымен тексереді. Жүйе енгізілген деректердің дұрыстығын растаған соң ғана сақтандыру шарты жасалады.

Аталмыш жолмен барлық деректер базалары әрқашан жақсарып отыратын болады. Қате дерек пен алаяқтық орын алмайды.

Бәрі өте оңай. Клиент біздің сайтқа кіреді, «Калькуляторлар» бөліміне өтеді және Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыруды таңдайды. Содан соң жеке деректерін енгізеді, Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру ережелерімен танысады, смс-хат көмегімен мобильді нөмірді растайды және сақтандыру сыйлықақысын банк картасымен төлейді. Шартты ресімдеу аяқталған соң, клиент шартқа берілген, бірегей нөмірмен смс-хат алады.

Полисті онлайн сатып алудың кадамдық бейнесабағын сілтеме бойынша көруге болады.

Бірнеше тәсіл бар.

1. Сақтандыру бар/жоғын барлық жасасқан белсенді және жабық сақтандыру шарттары көрінетін біздің сайттағы жеке кабинетте немесе мобильді қосымшадан білуге болады. Сәйкесінше, белсенді сақтандыру шарттарында белсенді сақтандыру болады.
2. Мемлекеттік несие бюросының сайтына кіріп, өз ЖСН, сақтандыру шартының бірегей нөмірі мен автокөліктің мемлекеттік нөмірі бойынша ағымдағы сақтандыру полисін тексеруге болады. и проверить наличие текущего страхового полиса по собственному ИИН, уникальному номеру страхового договора и гос.номеру автомобиля. 
3. Егер сақтандыру тарихымен толықтай танысқыңыз келсе, МНБ сайтының басқа бөліміне ЭЦҚ арқылы кіруге болады.

Қоңырау шалыңыз немесе хат жазыңыз

Қоңырауға тапсырыс беру
  • Полисті ұзарту

    Можно онлайн, по телефону или в ближайшем офисе

  • Сақтандыру жағдайы орын алды

    Үрейге салынбаңыз, біз не істеу керегін айтамыз

  • Временный въезд

    Страхование для временного въезда на территорию Республики Казахстан