1. «Мұнай сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы 2024 жылғы «15» наурыздағы №ГЕН230455789 сақтандыру пулына қатысушылардың бірлескен қызметі туралы шартқа сәйкес Автомобиль көлігін ерікті сақтандыру бойынша «Alatau City Garant» СК» АҚ-мен сақтандыру пулының қатысушысы болып табылады (қолданылу мерзімі қол қойылған сәттен бастап 5 жыл). Сақтандыру брокері «Тойота Иншуранс Менеджмент» ЖШС болып табылады. Сақтандыру ережелерімен алып тасталмаған, кез келген күтпеген және болжанбайтын оқиғалар (сақтандыру пулына қатысушылардың бірлескен қызметі туралы шартқа №1 қосымша) сақтандыру жағдайлары ретінде танылған оқиғалар деп танылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметінде жетекші болып табылатын ұйым — «Мұнай сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы.
2. «Мұнай сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы «Freedom Finance Insurance» СК» АҚ-мен және «Alatau City Garant» СК» АҚ-мен 2024 жылғы «17» маусымдағы №ГЕН234411463 сақтандыру пулына қатысушылардың бірлескен қызметі туралы шартқа сәйкес сақтандыру пулының қатысушысы болып табылады (қолданылу мерзімі қол қойылған сәттен бастап 5 жыл).
Сақтандыру түрлері:
1) Автомобиль көлігін ерікті сақтандыру;
2) автокөлік құралдары иелерінің жауапкершілігін ерікті сақтандыру;
3) басқа да қаржылық шығындарды ерікті сақтандыру.
Сақтандыру брокері «Тойота Иншуранс Менеджмент» ЖШС болып табылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметінің мәні болып табылатын сақтандыру тәуекелдерінің тізбесі сақтандыру пулына қатысушылардың бірлескен қызметі туралы шарттың қосымшаларында көрсетілген.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметінде жетекші болып табылатын ұйым — «Мұнай сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы.
3. «Мұнай сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы 2024 жылғы 24 шілдедегі №58 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, 2024 жылғы 2 қазанда құрылған медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандырудың Бірыңғай сақтандыру пулына (БСП) қатысушы болып табылады. «MOI (МОЙ) сақтандыру брокері» ЖШС жетекші сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымы ретінде тағайындалды.
4. «Мұнай сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ лизинг алушыларының (сақтандырушыларының) мүліктік мүдделерін сақтандыру жөніндегі 20.01.2021 жылғы №527 бірлескен сақтандыруды (бірлескен қызметті) ұйымдастырудың жалпы шарттары туралы шартқа 30.04.2024 ж. №6 ДС сәйкес пулға қатысушы болып табылады.
Қор лизинг және несиелеу арқылы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Бағдарлама шеңберінде осы сектордың кәсіпорындары Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес келетін лизинг және кредит беру арқылы қаржыландыруды ала алады.
Пулдың әкімшісі, «MOI (МОЙ) сақтандыру брокері» ЖШС-нің басқарушы брокері, 2019 жылғы 8 ақпанда берілген № 2.3.33 лицензия.
5. «Мұнай сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қарыз алушыларының мүліктік тәуекелдерін сақтандыру жөніндегі Ерікті сақтандыру пулының (бұдан әрі — Пул) қатысушысы болып табылады. Пул 2025 жылғы 20 қазандағы №170 бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылған, бұл шарт «MOI (МОЙ) сақтандыру брокері» ЖШС әкімшілендіруі кезінде сақтандыру ұйымдары — Пул қатысушылары арасында жасалған.
Пул заңды тұлға құрмайтын жай серіктестік нысанында жұмыс істейді және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қарыз алушыларының мүліктік мүдделерін сенімді және кешенді сақтандыру қамтуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сақтандыру тәуекелдерін оның қатысушылары арасында бөлудің тұрақтылығы мен теңгерімділігін арттыру мақсатында құрылған.
Пул қатысушылары:
- «Виктория» сақтандыру компаниясы» АҚ
- «Sinoasia B&R» сақтандыру компаниясы» АҚ
- «Basel» сақтандыру компаниясы» АҚ
- «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясы» АҚ
- «Alatau City Garant» сақтандыру компаниясы» АҚ
- «Мұнай сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы
- «АСКО» сақтандыру компаниясы» АҚ
- «Tauran Insurance» сақтандыру компаниясы» АҚ
Пул әкімшісінің функцияларын «MOI (МОЙ) сақтандыру брокері» ЖШС жүзеге асырады, оның ішіне құжат айналымын ұйымдастыру, андеррайтинг, қайта сақтандыру, шарттарды сүйемелдеу, сондай-ақ сақтандыру оқиғаларын реттеу процестерін үйлестіру кіреді.