Негізгі мазмұнға өту
Бизнеске
Полистер
ҰзартуТөлеуТексеру
Байланыстар
БІЗБЕН БАЙЛАНЫСУ
Біз 24/7 байланыстамыз
Біз әлеуметтік желілердеміз

Тарих

2020

  • S&P рейтингтік агенттігі МСК рейтингін «B+» деңгейінде растады, болжам — «Тұрақты»
  • 2020 жылы сақтандыру сыйлықақылары 15,9 млрд теңгені, сақтандыру төлемдері 3,8 млрд теңгені құрады
  • Үйден шықпай-ақ полисті толық ресімдеуге мүмкіндік беретін, шетелге шығатындарды сақтандырудың онлайн калькуляторы жасалды
  • Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша 6337 шарт жасалды — бұл абсолютті рекорд

2019

  • Жеке және заңды тұлғалармен 650 000-нан астам сақтандыру шарты жасалды.
  • 2019 жылы сақтандыру сыйлықақылары 13,3 млрд теңгені, сақтандыру төлемдері 3,6 млрд теңгені құрады.
  • S&P рейтингтік агенттігі МСК рейтингін «B+» деңгейінде растады, болжам — «Тұрақты».
  • Компания көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру полистерін онлайн сатуды іске қосты https://www.nsk.kz/ru/products/avtostrahovanie/os-gpo-vts/
  • Маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында Корпоративтік сатылым дирекциясының ашылуы өтті.
  • Қарашада Компания Fresh City журналының IV Жыл сыйлығының нұсқасы бойынша Батыс Қазақстан облысының бизнесмендері мен кәсіпкерлері арасында «Үздік сақтандыру компаниясы» номинациясына ұсынылды.

2018

  • S&P рейтингтік агенттігі МСК рейтингін «B+» деңгейінде растады.
  • Жеке және заңды тұлғалармен 480 000-нан астам сақтандыру шарты жасалды.
  • 2018 жылы сақтандыру төлемдері 3,3 млрд теңгені құрады.
  • МСК орташа өңірлік өнімділік төмендеген жағдайда несие шарты бойынша міндеттемелердің орындалмау тәуекелінен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қарыздарын сақтандыру жөніндегі пилоттық сақтандыру бағдарламасын іске асыру операторы болды.
  • МСК — АҚШ Дипломатиялық миссиясының қолдауымен өткен Go Viral 2018 фестиваліне қатысушы.
  • МСК — PFL 2018 көктемгі турнирінің серіктесі.
  • МСК АЛХЛ 2018 хоккей финалының бас серіктесі болып шықты.
  • Компания шетелге шығатындарға арналған полистерді онлайн сатуды іске қосты. https://nsk.kz/ru/tourist/
  • «Онлайн Доктор НСК» жаңа өнімі іске қосылды.
  • МСК сақтандыру компаниясы Денис Стародубцевтің #TeaDrinkingTour2018 жобасын қолдады.

2017

  • Standard&Poor's Global Ratings әлемдік агенттігі рейтингті «B» деңгейінен «B+» деңгейіне дейін көтерді.
  • Жеке және заңды тұлғалармен 669 000-нан астам сақтандыру шарты жасалды.
  • 2017 жылы сақтандыру төлемдері 3,6 млрд теңгені құрады.
  • Компанияның бас офисі мен Алматы қаласындағы төлемдер орталығы Алмағүл ықшамауданы, 15а мекенжайындағы жаңа ғимаратқа көшті.
  • «Форум» журналы қазақстандық PR-форум аясында өткен X Орталық Азиялық корпоративтік БАҚ байқауында «Үздік корпоративтік басылым — 2017» номинациясында жеңімпаз атанды.
  • Алматы қаласында Байтұрсынов көшесі, 111 мекенжайында тәулік бойы жұмыс істейтін жаңа сату офисі ашылды.
  • Компания #МОЙКАЗАХСТАН экспедициясын — Орталық Қазақстанның 15 қаласы бойынша джип-турды ұйымдастырушы болды.
  • Компания RAEX («Эксперт РА Казахстан») рейтингтік агенттігінің жылдық есептер байқауында «Қаржы секторындағы үздік жылдық есеп» және «Жылдық есептің үздік дизайны» санаттарында бірінші орын алды.
  • МСК сайты Award.kz ұлттық интернет-сыйлығында төрт номинацияда жеңіске жетті.

2016

  • Standard&Poor's әлемдік агенттігі рейтингті «B» деңгейінде растады, болжам — «Тұрақты».
  • Жеке тұлғалармен 641 000-нан астам, корпоративтік клиенттермен 74 000-нан астам шарт жасалды.
  • Сатушы қызметкерлерді қосымша оқытатын МСК мектептері Қазақстанның 4 филиалында ашылды;
  • 2016 жылғы сақтандыру сыйлықақыларының өсімі 2015 жылмен салыстырғанда 14% құрады;
  • 2016 жылдың қорытындысы бойынша қаржы капиталы 6,1 млрд теңге меншікті қаражатты құрады (2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша).

2015

  • Standard&Poor's агенттігінің рейтингі «B» деңгейінде расталды, болжам — «Тұрақты».
  • 2015 жылы сақтандыру төлемдері 5,1 млрд теңгеден асты.
  • Жеке тұлғалармен 640 000-нан астам, корпоративтік клиенттермен 124 000-нан астам шарт жасалды.
  • Қазақстан үшін бірегей екі медициналық сақтандыру өнімі іске қосылды: Sphera Здоровья және Global Protector.

2014

  • «МСК» АҚ-ның 2014 жыл қорытындысы бойынша сақтандыру сыйлықақылары 12,5 млрд теңгеден асып, сақтандыру төлемдері 3,2 млрд теңгеге жетті.
  • Standard&Poor's агенттігінің рейтингі «B+» деңгейінде расталды, болжам — «Тұрақты».
  • «Эксперт РА Казахстан» агенттігінің рейтингі «А+» — «Сенімділіктің өте жоғары деңгейі» деңгейінде расталды.
  • Компанияның ресми сайты жаңартылып, жаңғыртылды.
  • Алғашқы «Город Мастеров» фестивалі ұйымдастырылды.

2013

  • Standard&Poor's агенттігінің рейтингі «B+» деңгейінде расталды, болжам — «Тұрақты».
  • Қазақстандық «Эксперт РА Казахстан» агенттігінің «А» рейтингі «А+» — «Сенімділіктің өте жоғары деңгейі» деңгейіне дейін жақсартылды.
  • КАСКО бойынша автокөлікті сақтандырудың жаңа шарттары әзірленді: қолжетімді тарифтер, сондай-ақ тәуекелдер мен қосымша бонустық опцияларды таңдаудың кең мүмкіндіктері.
  • «МСК» АҚ-ның сақтандыру сыйлықақылары 11,4 млрд теңгеден асып, сақтандыру төлемдері 3,11 млрд теңгеге жетті.
  • Бухгалтерлік есеп және сақтандыру төлемдерін реттеу процесі компанияның бас офисі арқылы орталықтандырылды.

2012

  • National Business журналының Қазақстандағы ең ірі компаниялардың NB500 рэнкингінде «МСК» АҚ 262-орынға ие болды.
  • Exclusive аналитикалық журналы «МСК» АҚ-ны беделі ең жақсы қазақстандық компаниялардың рейтинг-тізіміне енгізді. «МСК» АҚ ТОP-50-де 38-орын алды.
  • Компанияға екі агенттіктен рейтингтік бағалар берілді: халықаралық Standard&Poor's-тен «B+» және қазақстандық «Эксперт РА Казахстан»-нан «А» — «Сенімділіктің жоғары деңгейі».
  • «Легенды Казахстана» республикалық автожарысының ресми сақтандырушысы.
  • Сақтандыру сыйлықақылары компания тарихында алғаш рет 10 млрд теңгеден асты, сақтандыру төлемдері 2,4 млрд теңгеге дейін өсті.

2011

  • Жыл қорытындысы бойынша клиенттерге төленген төлемдер 1,9 млрд теңгеден асты.

2010

  • «Эксперт Казахстан» журналының «Эксперт 100 Казахстан» рейтингі бойынша «МСК» АҚ елдегі ең ірі 100 компанияның тізіміне енгізілді.
  • Жыл қорытындысы бойынша клиенттерге төленген төлемдер 1,5 млрд теңгені құрады.

2009

  • Құрамында бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істейтін меншікті медициналық үйлестірушілер қызметі бар Медициналық сақтандыру басқармасы құрылды.
  • Емдеу мекемелерімен тікелей шарттар жасалды. Шарттарды сүйемелдеу үшін клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім ашылды.
  • Жыл қорытындысы бойынша клиенттерге төленген жалпы төлемдер 1,2 млрд теңгеден асты.

2008

  • Апатты тәуекелдер басталған жағдайға арналған, 20 млн АҚШ доллары көлемінде өтелетін облигаторлық қайта сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ұзартылды.
  • Сапа менеджменті жүйесінің ҚР СТ 9001−2009 талаптарына сәйкестік сертификаты алынды. Содан бері «МСК» АҚ жыл сайын тәуелсіз аудиттен өтіп, осы жоғары стандартқа сәйкестігін растап келеді.
  • «МСК» АҚ Пекинде өткен XXIX жазғы Олимпиада ойындарында 600-ден астам қазақстандық жанкүйерді сақтандырды.

2007

  • «МСК» АҚ-ның фирмалық стилі жаңартылды.
  • Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың ең жаппай сегментінде жұмыстың жаңа форматы енгізілді: «Адал сақтандыру — тікелей төлем».
  • Жыл қорытындысы бойынша клиенттерге төленген сақтандыру төлемдері 761 млн теңгеден асты.

2006

  • Байланыс орталығы ашылды.
  • Сақтандыру полистерін ресімдеудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді.

2005

  • «МСК» ААҚ қатарынан екінші жыл «Автомобильный сервис» байқауында сақтандыру компаниялары арасында жеңімпаз атанды.
  • Жеке тұлғаларға төлемдер бойынша шешімдерді жедел қабылдау мақсатында Клиенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды.
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында «МСК» ААҚ ұйымдық-құқықтық нысаны ААҚ-дан АҚ-ға өзгертіліп қайта тіркелді.
  • Жарғылық капитал екі есе ұлғайтылып, 1,5 млрд теңгеге жеткізілді.

2004

  • «МСК» ААҚ «Автомобильный сервис» байқауында сақтандыру компаниялары арасында бірінші орын алды.
  • Кадрларды даярлау орталығы ашылды. «МСК» ААҚ нарықтағы алғашқы сақтандыру компанияларының бірі болып сертификатталған сақтандыру агенттерін өз бетінше әрі кәсіби түрде даярлауды бастады.

2003

  • Компания «Выбор года» тауарлар мен қызметтер байқауының «Қазақстандағы №1 сақтандыру компаниясы» номинациясында үшінші рет жеңімпаз атанды.
  • Бір тәуекел бойынша өтеу сыйымдылығы 10 млн АҚШ долларын құрайтын, зиян эксцеденті негізінде мүліктік тәуекелдерді облигаторлық қайта сақтандыру шарты жасалды.
  • Компания «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ның қатысушысы болды.
  • «МСК»-да «РЕСО-Гарантия» холдингі тұлғасында стратегиялық серіктес пайда болды.

2002

  • Жыл қорытындысы бойынша «МСК» ААҚ «Народный выбор Казахстана» байқауының жеңімпазы атанды.
  • Жыл қорытындысы бойынша компанияның жинаған сыйлықақыларының көлемі 4 млрд теңгеден асты.
  • Ақтау қаласында филиал ашылды.

2001

  • Жарғылық капиталдың мөлшері 125 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.
  • Жыл қорытындысы бойынша «МСК» ААҚ «Выбор года» байқауының «Қазақстандағы №1 сақтандыру компаниясы» номинациясында қайтадан жеңімпаз атанды.
  • Жыл қорытындысы бойынша сыйлықақылар көлемі 1,2 млрд теңгеден асты.

2000

  • Жыл қорытындысы бойынша компанияның жинаған сыйлықақыларының көлемі 1 млрд теңгеден асты.
  • Компания «Выбор года» байқауының «Қазақстандағы №1 сақтандыру компаниясы» номинациясында жеңімпаз атанды.

1999

  • Компания Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының толыққанды мүшесі болды, бұл Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға белсендірек қатысуға мүмкіндік берді.

1998

  • Marsh Ltd сақтандыру брокерінің делдалдығымен шетелдік қайта сақтандыру компанияларымен жауапкершілік пен мүлікті облигаторлық қайта сақтандыру шарты жасалды.
  • Қызылорда қаласында өкілдік ашылды.

1997

  • 28 шілдеде Қазақстанның мұнай-газ және қаржы салаларын білдіретін акционерлер құрамға енгеннен кейін компания «АстыкИнСтрах» сақтандыру қоғамы» ЖШС-нің құқықтық мұрагері бола отырып, қайта ұйымдастырылды және «Мұнай сақтандыру компаниясы» ААҚ (бұдан әрі — «МСК» ААҚ) болып қайта тіркеуден өтті.

1996

  • 10 сәуірде әділет органдарында астықтың ең ірі экспортшылары құрған «АстыкИнСтрах» сақтандыру қоғамы» ЖШС тіркелді.
  • Ақмола, Қостанай, Көкшетау қалаларында филиалдар ашылды.