РУС

AWARD.kz Жеңімпаздарының тынымбағында шыршалар отырғызылды

AWARD.kz Жеңімпаздарының тынымбағында шыршалар отырғызылды

«НСК» сақтандыру компаниясы шырша отырғызу рәсіміне қатысты.

17 сәуірде AWARD.kz Ұлттық-интернет премиясының Жеңімпаздар тынымбағында салтанатты шырша отырғызу рәсімі өтті.

Қазақстанның үздік сайттарының құрметіне ағаш егу төртінші жыл қатарынан дәстүрге еніп келеді. Бұл жолы өзінің атаулы шыршасына ие болу құрметі соңғы үш жылдағы Гран-при иегерлеріне бұйырды, олар -Lamoda.kz, Vlast.kz және "НСК" сақтандыру компаниясы.

2017 жылы "НСК" сақтандыру компаниясы AWARD.kz Ұлттық интернет-премиясының төрт аталымының жеңімпазы атанғанын естеріңізге сала кетейік. Компания Гран-При иегері атанып, сонымен қатар «Корпоративтік сайттар», «Маркетингтік әлеуеті үздік сайт» және «Көрермендер көзайымы» санаттары бойынша үздік деп танылды.

AWARD.kz ұлттық интернет премиясы— бұл 2002 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан қазақстандық веб-сайттардың жыл сайынғы байқауы. Жыл сайын премия интернет-ресурстардың ақпарат сапасын, дизайны мен техникалық орындалуын бағалай отырып, үздік сайттарды анықтайды.

Ал мыналар - біздің маркетолог жігіттер :)