РУС

Саяхатшыларды Almaty Travel Fest 2018 форумына шақырамыз

Саяхатшыларды Almaty Travel Fest 2018 форумына шақырамыз

20 сәуірде "Атакент" көрме орталығында Қазақстан саяхатшыларының форумы өтпекші.

Саяхатшылар форумы –бұл саяхатсүйер қауымның, трэвел-фотосуретшілердің, блогерлердің, спортшылардың және қарапайым белсенді демалысты жақсы көретін жандардың бәрінің басын қосатын алаң. Бұл шара кезінде кәсіпқой саяхатшылар сөз алып, Қазақстанның ең көрікті жерлері, велосипедпен саяхат жасаудың ерекшеліктері, сондай-ақ Алтай, Исландия және Тибеттегі сапарлары туралы әңгімелейді.

Орны: Атакент, 11-павильон;

Уақыты: 10:00 – 16:00 (сайттағы бағдарлама: https://www.kitf.kz);

Міндетті түрде тіркелуден өтуіңіз қажет: https://www.kitf.kz:

Сізді күтеміз!