
Құрметті Клиенттер, Серіктестер, Достар!
МСК-ға 15 жыл – біздің компания осы күні қол жеткізген нәтижелерге көз салуға жақсы себеп. … Қазақстанның заманауи тарихының тұрғысынан – біздің сақтандыру компаниямыз – еңбегі сіңген абыройы мен көшбасшылық беделі бар ең бәр тәжірибелі ұйымның бірі. Біз өзіміздің 15-жылдығымызға дәл осы көшбасшы қалпымызбен келдік. Бүгінгі таңда МСК – қаржылық топтар мен банктерге жатпайтын ірі рыноктық сақтандыру компаниясы болып табылады. Аталмыш артықшылықтың бір ғана «Көзге көрінетін жетіспеушілігі» барын түсінеміз – бізде кэптивтік сақтандыру компанияларда бар кепілдендірілген сақтандыру сыйақылары жоқ. Бірақ дәл осы жайт біздің сатуларды дамытудағы ең бір қуатты қозғалтқышымыз болып табылады. Біз дәл сатушылардың кәсібилігі, сатудан кейінгі сервистің сапасы, және әрине, ең бастысы, сақтандыру төлемдерінің сапасы шешуші маңызға ие жерлерде сақтандырудың рыноктық түрлеріне басым назар аударамыз. Біздің осындай сатуларға қоятын үмітіміз өзін толықтай ақтайды және жақсы нәтижелер беруде. Біздің клиенттер үшін сенімді дүние сезімін беру – жай ғана жалаң сөз емес. Мұнай Сақтандыру Компаниясының сақтандыру төлемдерінің жақсы сапасына сенімділік, бұл күнделікті өмірдегі және біздің барлық сақтанушылардың жұмысындағы сенімділік… Әлемдік сақтандыру рыногының тұрғысынан – бізге небәрі 15-ақ жыл толды. Біз жаспыз, болашаққа жоспарымыз көп, біз қойылған мақсаттарға қалай қол жеткізу керектігін білеміз. Біздің қымбатты клиенттер мен серіктестерге табыс, гүлдену және бізбен бірге сенімді дүниенің бір бөлігі болуды тілегім келеді!
Құрметпен,
Жарқын Әлжанов, «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ Басқармасының Төрағасы
