2005 жылдың 1-ші шілдесінен бастап 07.02.05ж. № 30-III Қазақстан Республикасында «Жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру» Заңы (бұдан былай - Заң) қолданысқа енгізілген.
Сақтандырудың осы мақсаты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы жұмысшылардың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында олардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін олардың мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Міндетті сақтандыру жұмыс берушінің жұмыскердің алдындағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде қарастырылған көлемдегі жауапкершілігін қамтиды. Бұл ретте жұмыскер жұмыс берушімен еңбек қарым-қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша тікелей жұмыс атқаратын жеке тұлға болып табылады.
Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қарым-қатынастарында тұратын хаңды немесе жеке тұлға.
Жоғарыда айтылғандай, жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін жұмыскердің пайдасына сақтанушы (жұмыс беруші) және сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) арасында жасалған шарттың негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте шарт сақтанушымен шарт арыз негізінде тек міндетті сақтандырудың осы класы бойынша қызмет атқару құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы тиіс.
Шарт тек жазбаша түрде жасалады. Бұл ретте шарттың жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыздығын тудырады.
Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында:
1. сақтандырушының атауы, орналасқан жері мен банк деректемелері;
2. сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және тұрғылықты жері (егер ол жеке тұлға болып табылса) немесе атауы, орналасқан жері мен банк деректемелері (егер ол жеке тұлға болып табылса);
3. сақтандыру объектісін көрсету;
4. сақтандыру оқиғасын көрсету;
5. сақтандыру сомасының мөлшерлері, сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі мен мерзімдері;
6. сақтандыру сыйақысының мөлшерлері, оны төлеу тәртібі мен мерзімдері;
7. шарт тараптарының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі;
8. шартқа өзгерістер енгізу және оны ұзарту жағдайлары мен тәртібі;
9. шартты жасау күні мен жарамдылық мерзімі;
10. сақтандыру шартының нөмірі мен сериясы
қамтылуы тиіс.
Тараптардың келісімі бойынша шартқа басқа да шарттар қамтылуы мүмкін. Міндетті сақтандыру шартында көрсетілуі тиіс шарттардың толық еместігі үшін жауапкершілікті сақтандырушы көтереді. Міндетті сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген шарттарының толық еместігі салдарынан даулар туындаған жағдайда, дау заңнамаға сәйкес сақтанушының пайдасына шешіледі. Сонымен қатар, егер міндетті сақтандыру шартын сақтандырушы сақтанушы немесе пайда алушының жағдайын Заңда қарастырылғанмен салыстырғанда нашарлататын жағдайларда жасалса, сақтандыру оқиғасы туындау барысында сақтандырушы сақтанушы немесе пайда алушының алдында Заңда белгіленген шарттарда міндеттемелер көтереді. Бұл жерде жұмыс берушілердің назарын сақтандыру шартын жасау барысында оларға оның шарттарымен мұқият түрде танысқаны жөн екендігін аудару керек.
Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты ол күшіне енген күннен бастап он екі ай мерзімге жасалады. Жұмыс берушінің қызметін он екі айдан аз мерзімде жүзеге асыру барысында шарт осы қызметті жүзеге асыру мерзіміне жасалады.
Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру оқиғасы еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туындау фактісі болып танылады.
Жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян мөлшерін, Заңға сәйкес сақтанушы ұсынған құжаттардың негізінде сақтандырушы анықтайды. Жұмыскердің қазасына байланысты жалақысын (табысын) жоғалту немесе оған кәсіби еңбек қабілеттілігін жоғалту дәрежесін белгілеуге қатысты зиянның мөлшері, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес анықталады. Оның ішінде, жоғалған жалақының (табыс) өтелуі тиіс мөлшері кәсіби еңбек қабілеттілігін жоғалту туындағанға дейін немесе жарақат алу немесе денсаулыққа басқа зақым тигенге дейін орташа айлық жалақыға (табыс) пайыздарда, ал ол болмаған жағдайда – оның жалпы еңбек қабілеттілігі анықталады.
Сақтандыру сомасының мөлшері міндетті сақтандыру шартымен анықталады. Бұл ретте сақтандыру сомасы персонал санаттары бойынша (өндірістік, әкімшілік-басқару, көмекшілік) Сақтандыру сомасының мөлшері міндетті сақтандыру шартымен анықталады. Бұл ретте сақтандыру сомасы персонал санаттары бойынша (өндірістік, әкімшілік-басқару, көмекшілік) барлық жұмыскерлердің еңбек төлемінің жылдық қорынан кем болмауы тиіс.
Сақтандыру сыйақысының (жарнасының) сомасы сонымен қатар Заңда белгіленген сақтандыру сомасына көбейтілген сақтандыру тарифінің негізінде анықталады. Заңнамамен кәсіби тәуекел класына және экономикалық қызмет түрлері бойынша персоналдың санатына байланысты сақтандыру сыйақысының ең аз және ең көп мөлшері белгіленген. Экономикалық қызмет түрлерін кәсіби тәуекел кластарына жатқыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Заңның кестесінен бірнеше дерек көрнекті салыстыру үшін:
1. (санат) өндірістік персонал: (класс) – 1, ең аз тариф – 0,04%, ең көп – 0,13%, ал 22 класы бойынша – тиісінше 4,36% және сақтандыру сомасына көбейтілген 9,17%;
2. әкімшілік-басқару персоналы: кәсіби тәуекелдің барлық кластары үшін – ең аз тариф – 0,04%, ең көп – 0,10, сақтандыру сомасына көбейтілген;
3. көмекші персонал: кәсіби тәуекелдің барлық кластары үшін – ең аз тариф – 0,47%, ең көп – 2,15, сақтандыру сомасына көбейтілген.
Жұмыскердің қазасы немесе оның денсаулығына тиген зиянға байланысты шығын үшін сақтандыру төлемі нақты зиян көлемінде, бірақ жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасынан аспайтын мөлшерде жасалады. Жұмыскердің қазасы немесе кәсіби еңбек қабілеттілігін жоғалту дәрежесін белгілеу немесе ұзарту (қайта куәландыру) жағдайында жұмыс беруші жұмыскердің немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыскердің қазасына байланысты зиянды өтеу құқығы бар тұлғаның пайдасына, тиісті лицензиясы бар сақтандыру ұйымымен аннуитет шартын жасауға міндетті. Аннуитет шарты – сақтандырушы шартта белгіленген мерзімнің ішінде пайда алушының пайдасына мерзімдік төлемдер түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруы тиіс сақтандыру шарты болып табылады.
01.01.10ж. 30 сақтандыру ұйымының өкілетті органның (Қазақстан Республикасының қаржылық нарықты және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттік - (бұдан былай – Агенттік)) аталмыш сақтандыру түрін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар. Сақтандыру ұйымдары туралы мәліметтер үнемі Агенттік сайтында орналастырылады.
Көзі: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы.